- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Қаладағы экологиялық ахуалды...
Қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жобалар
Қоршаған ортаның ластануы – жаһандық мәселе. Оны білеміз, алайда экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатын күнделікті шараларды қажетті деңгейде орындамаймыз. Экологиялық сарапышлар ауа ластанып, жер беті қоқыс полигондарына толып жатқанын дабыл қағып айтуда.
Алып зауыттар мен өндірістік алаңдардың, көшелерде ағылып жатқан көліктердің атмосфераға бөліп жатқан зиян қалдықтары тұрғанда жекелеген адам не істей алады деп айтуға болады. Алайда «Не ексең соны орасың» деген тәмсіл табиғатпен қарым-қатынысымзды суреттейтіндей. Өйткені қазіргі- кезде экологиялық мәселедегі үлесіміз үйден қоқыс жәшігіне дейін маршрутта сұрыпталмаған пакеттерді тастаумен шектеледі. Тұрмыстық қалдықтарды жинау мәдениеті қалыптастпай бұл мәселені шешу қиын.
Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды реттеу, жою, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында мемлекеттік шаралар жүргізілуде, зиян қалдықтарды бөлетін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат ресурстарын қалпына келтіру бойынша мемлекетке төлемақы жайсады. Осы бағытта бизнес өкілдердің тиімді бастамалары да бар.
«Промотход Қазақстан» – зиянды өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеуге негізделген. Бұған қоса кәсіпорын тұрмыстық, медициналық қалдықтарды жинау, өңдеу жою жұмыстарын атқарады. Компанияның республика қалаларында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинайтын контейнерлері орналасқан.
Сары түсті ерекше дизайны бар контейнерлер алыстан көрінеді.Контейнерлер жерге бекітіліп орналасқан. Онда қоқыстың әр көтегориясына қарай бөлімдер бар. Тұрмыстық қалдықтар көшеден іріктеліп жиналып, бірден өңдеу өндірісіне жөнелтіледі. Осылай сұрыпталып жиналған қалдықтардың 90%-ы кәдеге асады.
Қалдықтарды өңдейтін ірі зауыт сонымен қатар халықтың қоқыс жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі акцияларды ұйымдастырады.
Елдегі экологиялық ахуалды жақсартуда тағы бір бастама – электробустар өндірісі. Алматыда электробустарды құрастыру бойынша Falcon Eurobus зауытын іске қосылмақ.
7 гектар жерде орналасқан зауытта әкімшілік ғимарат, жинау цехы, баяу цехы, бөлшектер қоймасы, жөндеу аймағы, жүргізушілерге арналған оқу орталығы мен электробустарға арналған тұрақ қарастырылған.
Қазіргі таңда зауытта Еуро-5 стандартымен 10 автобус жасалған, жылдың аяғына дейін тағы 100 бірлік шығарылады. 12 және 18 метрлік ыңғайлы автобустар кондиционерлер, бейне-бақылау, пандустармен жабдықталған. Электробустар сондай-ақ, пайдалану бойынша шығындарды азайтады: олар электр желісінен қуатталады. Бір қуаттандыру шамамен 300-350 километрге немесе 6 сағатқа жетеді.
«Электобустардың басты артықшылығы – бұл экологияға зияны жоқкөлік құралы, ол қала тұжырымдамасына сай келеді. Мұндай көлік түрі зиянды қалдықтарды аз бөледі, шуы аз. Аталған жобаны жүзеге асыру – жаңа 1300 жұмыс орнын құруға жол ашады. Бұл дегеніміз салықтық түсімдер мен жалпы қоғамдық көлік жүйесін дамыту», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласының әкімдігі Falcon EuroBus қазақстандық компаниясы және Daimler AG автоконцернмен меморандумға қол қойған болатын, оның шеңберінде қалалық бағыттарға қызмет көрсету мақсатында Mercedes маркалы автобустар жеткізілімі жоспарланған.
Жекеменшік зауыттардың ірі қалалардағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталуы оң тенденция. Мұндай кәсіпорындар жаппай қолданыс тапса, экологиялық түйткілдердің біразы шешім табады.
Әлия Кемелбекова
А. Оралқызы