- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Жұмыспен қамту мобильді...
Жұмыспен қамту мобильді орталықтарының қызметі белсенді
Қазіргі таңда Қазақстан астанасында жұмыспен қамтудың мобильді 8 орталығы жұмыс істейді. Олар теміржол вокзалы, "Тұлпар" сауда орталығы, "Встреча" сауда орталығы, "Ұлжан", "Сапар" базарлары және "Эталон" құрылыс базарының кіреберісінде, Промышленный ауылында, сондай-ақ, "Азия парк" сауда – ойын-сауық орталығы жанында орналасқан.
"Адамдар оқу және жұмыспен қамту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда. Мәселен, қысқа мерзімді кәсіби оқуға 1340 адам жіберілді, "Бастау Бизнес" жобасына – 1098 адам, "Жас кәсіпкер" жобасына 700-ден астам адам қатысады. Алғашқы жұмыспен қамтығандар жұмыс процесіне кірісіп кетті және мобильді орталықтар кеңесшілеріне көрсетілген көмек үшін алғыс білдіруде", – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанар Төребекова.
Мысалы, Айжан Есіркепова КазГЗА колледжіне кеңсе менеджері болып орналасты.
"Атыраудан Нұр-Сұлтанға жаңа көшіп келдім. "Тұлпар" жаңындағы мобильді орталыққа қандай қызметтері бар екен деп жолшыбай кіре кеттім. Кеңесшілер маған көмектесіп, бағыт берді. Мен әңгімелесуден сәтті өтіп, енді колледжде жұмыс істеймін. Көмек үшін рахмет!", – дейді бойжеткен.
Арайлым Рахат та елордаға көшіп келген, ол түнгі жұмыс уақытын іздеген, өйткені ол күндіз бала қарайды.
"Таныстарым "Атамекен" орталығына баруға кеңес берді. Кеңесшілер көңілімнен шығатын жұмысты тауып берді. Бағыт бойынша мен "Магнум" маркетіне сатушы болып орналастым. Жұмыс ауысым бойынша – екі күн демалыс, екі күн жұмыс, таңғы 8-ден кешкі сегізге дейін. Рахмет, "Атамекен", – деді Арайлым.
А. Рысдәулет