Жастарды жаппай волонтерлік шараға тарту бизнес мақсаттарға жетелейді

Жастарды жаппай волонтерлік шараға тарту бизнес мақсаттарға жетелейді
Фото: vk.com

Дамыған әрі дамушы мемлекеттерде жастардың әлеуеті мемлекеттік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсенді пайдаға асуда. Волонтерлік қозғалыстың дамығаны соншалық, тіпті волонтерлік корпорацияларқұрылып, көздеген мақсаттарға тез әрі оңай жетуге мүмкіндік береді. Ал жастарға тегін жұмыс істеу не береді? Әдетте волонтерлік белгілі бір әлеуметтік немесе қоғамдық міндеті бар. Жастар мұндай ауқымды шараларға әрине, қызығушылық таныту арқылы ғана жұмылады. Көбіне көп волонтерлік ірі спорт немесе бұқаралық оқиғаларға (Қазақстанда өтке Азиада, қысқы Универсиада, ЭКСПО-2017), мүгедек жандарға көмек қолын созу (әлеуметтік кәсіпкерлік), жастар арналған фестивальдар сынды шараларға қатысады.

Қоғамдық шараларда түрлі қызықты оқиғалар, туристтер, жаңа таныстықтар, концерттер мен қойылымдарды тегін көру, оқиға ортасында жүріп, бәрінен хабардар болу, тегін тамақтану сынды факторлар жастарды қызықтырса, әлеуметтік шараларда студенттер, жасөсіпірімдер жүрек қалауымен, мұқтаж адамға қол ұшын созу мақсатында атсалысады.

Дегенмен, волонтерлік қозғалыста бизнес идеяларды жүзеге асыру, бизнес бастау, мемлекеттің қоғамдық, саяси, мәдени өміріне әсер ету сынды бағыты бар. Әдетте мұндай бағыт корпоративті волонтерлік деп аталады. 

Жастар және ірі компаниялар

Ірі компаниялар мен креативті қозғалыстар жастар әлеуетін белсенді қолданады. Өйткені дәл жас буында түрлі идеялер мен креативті бастамалар көп. Мәселен, «Атамекен» ҚР ҰКП  мен «Нұр Отан» партиясы Үкіметтің қолдауымен ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында  20-ға жуық IT-орталық ашуды мақсат тұтып отыр. Ол бізде кәсіби IT-мамандардың пулын дайындау үшін де қажет. Мұндай бастамаға креативті жастар себеп болған.

«Қазір дүниежүзінде жүздеген фриланс-биржалар жұмыс істеп тұр. Бұл биржалардың жұмысын сараптап көрсек, жылына кем дегенде 10 млн АҚШ долларының қызметін атқаратынын көрдік. Бұл - бір ғана фриланс биржаның IT қызметтері үшін алатын жылдық табысы. Халықаралық нарықтың сұраныс сыйымдылығы ең аз дегенде 3,5 трлн АҚШ доллары. Біз ұсыныс еткен орталықтан жастар кәсіби деңгейде IT тілін меңгеру арқылы халықаралық компанияларда еңбек ете алады. Жоспарымыз бойынша алдағы 3 жыл көлемінде жұмыссыз отырған және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 100 мың адам оқытылады.», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палата түрлі әлеуметтік жобалардың бастамашысы. «Атамекенім» республикалық акциясы, «Әр ауылға бір қамқоршы» сынды бастамалар нәтижелі әрі ауыл тұрғындарына қажетті жобалар.

Әлеуметтік ерікті бастамалар

Әлем практикасында тиімділігі жоғары волонтерліктің Қазақстандағы көрінісі қандай? Волонтерлік қозғалыс қарқынды әрі жетілген болмаса да бар.Сондай-ақ волонтерлік түрлі бағытта дамып отыр. Жастар волонтерлікке не үшін баратынын жоғарыда айтып кеттік. Сонымен қатар жастарды мұндай қозғалыстар тәжірибе, білім мен біліктілік жинауға мүмкіндік берумен де қызықтырады.  Волонетерлік корпорацияларды жастар идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, ұяңдықтан арылып, шешендік, өнер, дәлеледеу машықтары, бизнес білімді жетілдіру, бір сөзбен айтқанда көшбасшы болуға көмектеседі.

Осындай бағытта жұмыс істеп келе жатқан «Ұлттық волонтерлік желі қауымдастығының» жұмысын айтып кетуге болады.

«Ұлттық волонтерлік желі қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында  2012 жылдан бастап жұмыс жасауда. Ұйымның жарқын жобалары ретінде «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасын, «Астана экономика форумы» халықаралық форумы, «Казахстан дружественный к ребенку» республикалық форум-фестивалі, ЕХРО-ға волонтерлер мен үйлестірушілерді дайындау мен халықаралық  KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін атап өтуге болады.

Жақында болатын бастамалар

Қазақстанда 2018 жылдың тамыз айында әрбір азаматқа қоғамды дамыту мақсатындағы әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндік беретін және әлеуметтік жақсартулардың «қозғалтқышы» болуға септігін тигізетін екі жоба бастау алмақшы. Олар «Әлеуметтік бастамалар картасы» мен «Волонтерлікті дамытуға арналған бірыңғай ақпараттық платформа» жобалары болып табылады. Жобаларды «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қолдауымен іске асыруда.

Бірінші жоба «Әлеуметтік бастамалар картасы» қазақстандықтар қоғамдағы өздерін толғандыратын мәселелер жайлы айтып, оны шешу жолында бастама ұсынып және өзін ерікті етіп ұсына алатын онлайн платформа болып табылады. Бұның барлығы кез-келген адам не ұйым тіркелген кезде өзінің рөлін анықтауға (бастамашы (өтініш білдіруші) немесе ресуртар иесі (волонтерлер/ұйымдар/ресурспен бөліскісі келетін бизнесмендер) рөлі) мүмкіндік беретін онлайн платформа арқылы жүзеге асады.

Аталмыш жоба екі кезеңнен тұрады: біріншісі интерактивті кеңістік пен мобильді қосымша құру және краудфандинг (ерікті жарна төлеу) жүйесін енгізу. Бастамашы болу үшін сай келетін нысанды толтырып, жіберу керек. Одан кейін өтінім мемлекеттік құзіретті органдар мен ресурстар иелерімен қарастырылады. Осыдан соң бастамашы өтініші өз шешімін табады.

Төменде өтінімді өңдеу сызбасы көрсетілген: 

Жобаны толтыру (аймақты, бастама саласын таңдау, сауалнаманы тлтыру) – кері байланыс –мемлекеттік органды тарту, қажет болған жағдайда – бастаманы іске асыру үшін топты таңдау – қаржы/ресурстарды іздеу, қажет болған жағдайда – қаржы/ресурстарды тарту, қажет болған жағдайда – мемлекеттік органды тарту, қажет болған жағдайда – жобаны жүзеге асыру  – жобаны жабу – жобаны бағалау – нәтиже

«Әлеуметтік бастамалар картасының» мақсаты айқын: интерактивті онлайн платформа арқылы азаматтар, ҮЕҰ, волонтерлер, меценаттар, бизнесмендер мен мемлекеттік құрылымдар күшін қоғам мәселелерін шешу жолында біріктіру.

Екінші жоба «Волонтерлікті дамытуға арналған бірыңғай ақпараттық платформа». Жоба веб сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеу арқылы жүзеге асады. Аталмыш жобаның мақсаты: көмекке мұқтаждар мен ол көмекті көрсете алатындар арасындағы өзара әрекеттесуін жеңілдету. Ол үшін сайт пайдаланушысы волонтер/бастамашыл топ немесе ұйым ретінде тіркеледі. Тіркелу барысында өз ұялы телефонын байланыстырып сауалнаманы толтыру керек. Одан өзге онлайн-волонтерлікке де мүмкіндік беріледі (аудармамен, веб-дизайнмен, бағдарламалаумен көмек). 

Қатарға қабылдаймыз

Айта кететін жайт, бұл жоба жас мамандарға өз кәсіби дағдыларын машықтауға көмектесетін тәжірибе бола алады. Одан өзге платформада еліміздің ішіндегі мен оның шекарасынан тыс волонтерлік туралы жаңалықтар, волонтерлік жайлы онлайн курстарға сілтемелер болады.

Егер сіз волонтерлерге мұқтаж ұйым болсаңыз, сізге тіркеуде өз БИН-ыңыз бен өзге де құжаттарды көрсету арқылы өту керек. Одан кейін волонтерлер қажет шаралар немесе оларға арналған мүмкіндіктер туралы жариялауға болады.

Жоба қызметінің сапасын бақылау үшін волонтерлер мен ұйымдарға рейтингілік жүйе енгізіледі. Осылайша 5000 волонтерлер, 125-тен кем емес ұйымдар мен 100-ден аса бастамашыл топтарды қамту күтілуде.

Жобалардың презентациясы 2018 жылдың күзіне жоспарлануда.

Әлия Кемелбекова

 

А. Оралқызы