- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Жас кәсіпкерлер мектебі...
Жас кәсіпкерлер мектебі
Студент қалай бизнесмен бола алады? Скептиктер өмірлік тәжірибе мен бастапқы капитал болмаса, бизнес бастау мүмкін емес деп санайды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Жас кәсіпкерлер мектебі» бұл стереотипті жоққа шығарды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында жас кәсіпкерлер білім алып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруда.
Сонымен, кәсіпті тез әрі тиімді бастау үшін не істеу керек?
Бастысы идея болу керек! Ал тиімді идеясы бар жастарға «Жас кәсіпкерлер мектебі» көмектеседі. Мәселен, Павлодар облысында «Жас кәсіпкерлер мектебінде» 60 бала оқу бітірді. Бұл Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі және Химия-технологиялық колледж студенттері. Болашақ бағдарламашылар, қаржыгерлер мен мұнайшылар интернет-дүкен, мобильді қосымшалар, жастар кафесі, компьютер клубы, мейрамхана, сұлулық салоны, сонымен қатар қағаз пакеттері, қаптар мен төрттүбірлі маркер өндірісі бойынша өз иедяларын ортаға салды.
«Бүгінгінің жастары креативті, олар нарықтағы заманауи тенденцияларды тез қабылдайды, жақсы идеялар мен шешімдерді ұсына алады. «Жас кәсіпкерлер мектебінің» түлектері жеке бизнес-идеяларын жүзеге асыру жолында жоғары қызығушылықтарын таныта алды», – дейді ӨКП бизнес-тренер Қуаныш Досмағұлов.
Комиссия мүшелерінің бағалауынша барлық идеялар тартымды болған және іске асыруға тиімді. Балалар жобаларын әзірлеуде үлкен еңбек етті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Томирис Әмірова және Алтын Балқыбекованың жастар кофесін ашу жобасы еншіледі. Фарм Help мобильді қосымшасы екінші орын алды. Бұл жобаны Мұрат Қаламов, Ерлан Негманов және Әлишер Хамит дайындады. Ал Бағұстар Рамазанов қағаз пакеттері мен қаптарын шағаруды көздеп отыр.
Оның жобасы үшінші орын алды.
«Жас кәсіпкерлер мектебі» «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.Мектеп жастар бойында кәсіпкерлік және инновациялық жобаларға әлеуетін ашуға, жастарды кәсіпкерлікке белсенді тарту, жас кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру, жастар бойында кәсіпкерлікке деген қабілетті анықтауға бағытталған. «Жас кәсіпкерлер мектебі» аяқтау жөнінде сертификат «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолға алған жобаны іске асыру үшін қайтарымсыз қаражат алуға мүмкіндік береді. «Жас кәсіпкерлер мектебіне» 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Оқу – тегін», – деді ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова.
Айта кетелік, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауы және «Жастар жобалары көрмелері» көрмесі ұйымдастырады. Идеяңыз тиімді болса, әрі кәсіпкер болғыңыз келсе, өз өңіріңізге орналасқан Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгіну керек. Кәсіпті кәсіби мамандармен бірге бастаңыз!
Әлия Кемелбекова
А. Оралқызы