Ауқымды штатты ықшамдап,бірақ еңбек тиімділігін арттыру мүмкін бе? Қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығынды оңтайландыруда қандай шаралар қолданылады? Кәсіпорында жұмыс істеп жатқан әр қызметкерді ресми тіркеп, атқаратын қызметіне қарай еңбекақы белгіленеді. Әр қызметкердің еңбекақысымен қоса қосымша құн салығы, табыс салығы,зейнетақы қорына төлемдер жасау керек. Осы шығындарды азайтып, уақытты тиімді пайдалануға бола ма? Нарықтық экономикада басты нысанға нәтижелілік алынады. Яғни кез келген бір жобаны жүзеге асыруда көбірек табыс табу мақсатында орындаушылар санын барынша шегеруге тырысады. Бұл амал әдетте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тән. Алайда орта және ірі компаниялар даеңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды азайтып пайда табуға ынталы. Осы ретте кәсіпорын басшылары Еуропа мен Америкада кең етек жайған аутсорсингті назарға алады. Жұмысты басқаға тапсыру Аутсорсинг ағылшын тілінен аударғанда out source сыртқы ресурс деген мағынаны білдіреді. Демек, компания өзінің жарты қызметін басқа мердігер компанияға орындау үшін береді. Әдетте ірі компаниялар өзінің негізгі жұмыстарға баса назар аударып, ал қосалқы, екінші кезектегі бизнес процестерді екінші компанияларға орындауға береді. Тапсырыс беруші компания белгілі деңгейде қаражат төлеу арқылы мердігер компанияға тапсырма беріп, белгіленген уақытта дайын өнімді қабылдайды. Қазіргі уақытта, айталық, бір жобаны орындау үшін үлкен штат ұстап, оны ұйымдастырғаннан гөрі шағын кәсіпорындарға тапсырыс беру ыңғайлы болып отыр. Осыйлайша компания қосалқы функциялар мен қызметтерді сол салаға маманданған кәсіби әріптеске тапсырады да үдерстерді тиімді басқарады. Аутсорсингке жұмыстар келесім негізінде беріледі.Аутсорсинг тендер емес. Өйткені сіз компанияны байқау арқылы емес, нарықтағы беделі, атқарған жобалары, имиджі бойынша таңдайсыз.Тапсырыс беруші компания белгіленген сомаға дайын өнімді тапсырды делік, ал орындаушы компания сол сомаға дайын өнімді шығаруға кететін барлық шығындарды өтеп, осы жұмысқа атсалысқан қызметкерлерге жалақы төлеп, табысқа да кеңелуі керек. Елдегі тәжірибе Аутсорсинг ұғымы елімізде пайда болуына көп уақыт өтпеді. Дегенмен бизнес саласында бұл ұғым жақсы таралған. Ірі компаниялардың барлығы дерлік аутсорсингке бизнес-процестерді тапсырып отыр. Аутсорсингтік қызметтерге бухгалтерлік есептілік, жарнама жұмыстары, полиграфиялық қызметтер жиі беріледі. Осыдан он жыл бұрын телевизия, медиа саласында аутсорсинг жаппай қолданысқа алына бастады. Нәтижесінде бұл бағыт нәтижелігін көрсетіп, медиа нарығында телебағдарламалар, фильм, ірі жобаларды орындайтын түрлі продакш-студиялар көптеп пайда бола бастады. Бәсекелестік арқылы фильмдер мен бағдарламалар сапасы артып, ұсынылатын өнім түрі көбейді. Артықшылық пен кемшілік Айта кетелік, бизнес-процестерін орындау бойынша тапсырыс алған компания аутсорсинг компаниясы деп аталады. Тәжірибе көрсеткендей, бизнес процестерде мінсіз механизмдердің болуы екі тайлай. Аутсорсингтің артықшылықтары мен мен кемшіліктерін таразылап көрелік. Артықшылығы:- арзан ақшаға сапалы өнім немесе қызмет түрін алуға болады;- кәсіби компаниямен әріптестік орнату арқылы компанияның инновациялық мүмкіндіктері артып, әлеуеті мен тәжірибесі нығая түседі, нарықта позициялары жақсарады;- нарықта дағдарыс орын алса немесе тұтынушының талғамы өзгерсе, компанияның ішкі құрылымын өзгерткенше, тез арада жаңа орындаушыларды табуға болады;- ресурстар мен машықтарды алуды тездетеді;- компания ұсақ-түйек функцияларды мердігер компанияға беріп, алаңдамай негізгі қызметімен мықтап айналыса алады;- тиімсіз штатты оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттыру;- сапалы өнім алуға мүмкіндік;- мердігер компания ұсынған сапалы өнім арқылы тапсырыс беруші компанияның тәуекелдерін азайтып, беделін арттырады. Жоғары аталағн артықшылықтарға қол жеткізу үшін өз ісіне маманданған, кәсіби компаниялармен жұмыс істеген абзал.Кемшіліктері: - Құпия ақпараттың жария болу қаупі салдарынан бәсекеге қабілеттілікті жоғалту;- Аутсорсинг компанияға бизнес үдеріс көлемін дұрыс бөлмеу;- Мердігер компанияның бір мезетте банкротқа ұшырауы салдарынан шығындану, басқа компанияға жүгінуге мәжбүрлік, уақыт жоғалту;- Аутсорсингпен жұмыс істеуде заңнамалық нормарадың әлсіздігі;- Жұмыс орындары қысқарады. Жекелеген функциялардың басым бөлігін беру арқылы компания өзінің негізгі ресурстарынан айырылып, нарықта позицияларын жоғалтып алуы мүмкін, сондықтан барлық ішкі процестерді әріптес компанияға көрсетпеген жөн; әәтпесекомпания беделін әлсіретуі мүмкін. Осы жайттар орын алмас үшін келісімшарттың әр тармағына мұқият болу керек. Тиімді жүргізілген аутсорсинг компанияның табыстылығын арттырады. Мәселен, егер компания сол функияларды өзі атқарса, уақытын жоғалтады, ақша курсы, басқа да тәуекелдерге байланысты қосымша шығындарға тап болуы мүмкін. Ал мердігер компаниямен алдына ала жасалған келісімшартқа сәйкес белгіленген қаражатқа, белгіленген мерзім ішінде өзіне қажетті сапада дайын өнімді ала алады. Демек, мүмкіндіктер болса маманданған компанияға функцияларды беріп, бизнес үдерістерді реттеген жөн. Ал компанияңыз қызмет көрсету саласына маманданса, әрінарықта озицияларымықты болса, әрі клиенттер базасын арттырғыңыз келсе, онда сол функцияларды орындайдын аутсорсинг компаниясыатануға мүмкіндік бар. Айта кетелік, бизнес құруда қандай да бір сұрақтар мен мәселелер туындаса Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мамандары көмектесе алады. Бизнесті ашу, жеке кәсіпкерлікті тіркеу, салық саласындағы арнайы режимдер, мемлекеттік бағдарламалар, бизнесті басқару бойынша шет елден тағылымнамадан өту бойынша сервистік көмектің толық тізбегін Атамекен ҰКП менеджерлері көрсетуге дайын. Ол үшін өңіріңіздегі Кәсіпкерлер палатасына жүгіну керек. Әлия Кемелбекова