29-30 тамызда елордалық "Көрме" орталығы жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің ошағына айналды. "Үйге арналаған" текстиль, балаларға арналаған киім және тауарлар, былғары өнімдер мен кілемдер – мұның барлығы өндіруші бағасымен ұсынылған отандық өндіріс.
Киім және аяқ киім
Shoes Republic алматылық аяқ киім бренді көрме қонақтарының назарын бірден өзіне аударды.
"Біз табиғи былғарыдан аяқ киім өндіреміз. Өнімімізді көрмеге шығаруды шештік, ол 100%-ға сапалы. Өндірісте түрік былғарысы және Тараздың табиғи терісі қолданылады", – деді компания өкілі.
Күз-көктем маусымына арналған аяқ киімнің орташа бағасы – 12 мың теңге, қысқы кезеңге 27 мың теңгеге етік алуға болады.
Егер өндірушінің бағасы жоғары болып көрінсе, онда "Тараз былғары аяқ киім" ЖШС тауар тізбегін қарауға болады. Бұл кәсіпорынның тарихы 60-шы жылдарынан басталады. Өкінішке қарай, көрмеден тауарды алуға мүмкіндік қарастырылмаған. Есесіне байланыс нөмірлерімен алмасып, жеке тапсырыс беріп, ұнаған модельді таңдауға немесе сайттан тапсырыс беруге болады.
"Бізде тауар тізбегі кең, шамамен 70 модель сатылымда. Бұл әскери аяқ киім, модельді және балалар аяқ киімі. Кәсіпорнымыз бен сату нүктелері Таразда орналасқан, сонымен қатар Қазақстанның әр өңірінде өкілдеріміз жұмыс істейді. Біз өндіретін былғары мен тері жоғары сапалы және шикізат біздің елімізде өндіріледі. Бізде баулар ғана импортталады", – деді Тимур Салимов.
Қазақстандық шикізат есебінен өндірушінің бағалық саясаты сатып алушыға тартымды. Мәселен, қысқы аяқ киімді орта есеппен 15 мың теңгеге алуға болады, ал туфлидің ең кемі 5 мың теңгеге алуға болады. Өндірушінің негізгі мәселесі – жалға алынатын орынжайлардың қымбатшылығы.
"Бізде отандық шикізат – табиғи былғарыдан жасалған аяқ киімнің құны арзан. Алайда бізге орынжайды жалдау, жеңілдетілген шарттар жетіспейді", – деді Тимур Салимов.
Іскери немесе кішкене өрнегі бар галстукті "SKIFMAN" ЖШС павильонынан алуға болады. Галстук құны 13,5 мың теңгеден 30 мың теңге аралығында саудаланады.
"Барлығы Marvel және DC қарайды, біз SKIFMAN брендің құрдық. Бұл қалаға жаңа кейіпкер керек болды, демекші, скифтер біздің ұлы ата-бабаларымыз. Мен өзім Marvel брендін жақсы көремін. Негізінен галстуктарымыз табиғи маталардан тігіледі, оларды жақындарға сыйлауға болады", – деп бөлісті компания өкілі.
BA&KZ брендінің қыз-келіншектері жеке бірегейлікті ерекшелей түсуді ұсынды. Көп балалы аналар негізін қалаған бренд әйелдерге арналған кәжекейлер, жілбегейлерді шығарады. Сонымен қатар көрмеде балаларға арналған киім, мектеп формасы, бас киімдердің кең ауқымы қойылған, мәселен, табиғи италиялық жүннен тоқылған бас киімді 7 мың теңгеге сатып алуға болады.
Тамаша топтаманы Ақтаудан келген Татьяна Пугачева таныстырды. Жүннен тоқылған бас киімдер, көйлектер, түрлі техникада жасалған, жібек қосылған пальтолар мен желбегейлер.
"Мен үшін бұл кәсіпке айналған ермек. Бұған дейін мен кесте тігу, батик жасаумен айналыстым, бірақ сегіз жыл бұрын жүнмен бұйым жасадым, содан бері осы материал жұмысымда негізгі шикізатқа айналды. Мен Петербург, Мәскеу, Австралия және Балтық елдерінің шеберлерінен дәріс алдым, түрлі техникада жұмыс істеп көрдім", – дейді дизайнер.
Бүгінде Татьяна Пугачева Ақтауда шеберлік сабақтарын береді. Қолөнер шеберінің айтуынша, өзі жасаған бұйымдарды өзгелерден көргенде қатты қуанады екен. Татьяна Пугачева көрмеге қатысу арқылы елорда тұрғындарының қызығушылығын байқап көрмек.
Бұл таза былғары ма?
Бұл сұрақ "КазИталКожа" ЖГШС павильонында жиы қойылды. Былғары белдіктер мен сөмкелерді өндірушіден 4 мың теңгеге сатып алуға болады. "КазИталКожа" ЖШС сату бойынша менеджері Азамат Досаевтың айтуынша, шикізатты өздері өңдейтіндіктен өнімдердің арзан өзіндік құны арзан.
"Біз өзге елдерден ештеңе әкелмейміз. Кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс істейді, алайда дайын өнімді 3 жылдан бері шығарамыз. Жай ғана өңделген былғарымен табыс таппайсың, өйткені ол әлі дайын өнім емес, сондықтан біз белдік шығаруды жөн көрдік", – деді Азамат.
2020 жылы "КазИталКожа" ЖШС партмоне, дизайнерлік сөмкелер шығара бастайды. Азамат Досаевтың айтуынша, Қазақстанда фурнитура мәселесі жолға қойылмаған.
"Біз Қытаймен жұмыс істедік, алайда сапасы көңіл көншітпеді. Қазір түрік компаниясымен ынтымқатастық орнаттық. Қазақстанда отандық өндірушілерге назар аударып келе жатқаны қуантады. Бастысы елімізде былғары өңдеумен көп кәсіпкер айналыса бастады. Біз шеберлерді жинап, фурнитуралық дүкен ашуды жоспарлап жатырмыз. Қолөнер шеберлері арқасында біз Шымкент және басқа өңірлерде жұмыс істеудеміз. Кәсіпорынды тануы үшін 5-6 жыл жұмыс істеу керек", – дейді компания менеджері.
Шымкенттік кілем өндіретін "Бал Текстиль" компаниясы үлкен павильонды алды. Кілем өндірісі 2013 жылы басталған. Қазіргі таңда компания өніммен Қазақстан мен алыс-жақын шетелді қамтамасыз етуде. "Бал Текстиль" ЖШС компаниясы өнімінің 30%-ы Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстанға экспортталады және IKEA швед компаниясына тауар жеткізеді, осылайша компания Англия, Германия және Франция нарығына шықты.
"Біз ары қарай дамуды көздеп отырмыз, тағы 3 тігін білдегін алу жоспарланған. Өндірісте қолданылатын материал – полипропилен, негізінен шикізатты Ресей, Сауд Арабиясы және Мысырдан алдыртамыз. Сонымен қатар кендір жүнін қолданамыз, оны Бангладештен сатып аламыз. Қазақстанда әзірге өз шикізаты жоқ. Ал отандық шикізат кілем бағасын екі есе төмендетіп, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырар еді. Мәселен, Өзбекстанда қазір 22 фабрика жұмыс істейді, олар кілемдерді өз шикізатымен тігеді", – деді "Бал Текстиль" ЖШС жетекшісінің орынбасары Бағдат Жүнісбек.
Шағын кілемнің бағасы 5 мың теңгеден басталады.
Рremium-class өнімі
Gladyshev компаниясы тері бұйымдарын 2019 жылдан бері шығарады және сыртқы киімді жеке тапсырыстарға тігеді.
"Біз көп кезеңнен өттік, терімен жұмыс істеуді, өңдеу, пішу, тігу, дизайнды ойластыруды толық зерттеп, үйрендік, енді премиум-сегментте жеке тапсырысқа тігуді қолға алдық. Елтірі бойынша білім 2017 жылы бізге ресейлік конференцияға баруға мүмкіндік берді, онда қатысушылармен тілдесіп, осы іспен айналысамыз деп түбегейлі шештік", – деді Марина Гладышева.
Өндірістік ерекшелігі – табиғи тері, оны өндірісте боямайды. Марина Гладышеваның айтуынша, бұл жұмыс оңай емес, кейде бір тонды дайындауға бірнеше маусым бойы материал таңдалады таңдалады. Марина Гладышеваныңотбасыматериалдарды Петербург елтіріодағының аукциондарынан сатып алады.
Естеріңізге салсақ, 29-30 тамыз күндері елордалық "Көрме" орталығында "ALTYN OIMAQ" Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумы өтіп жатыр. Бағдарламада халықаралық сарапшылардан дәрістер мен семинарлар қарастырылған.