Бизнес-ортаны жақсарту және тұтынушылардың құқығын бұзбау – "Атамекен" өз алдына осындай міндет қояды. Ұлттық палатаның позициясын Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов айтты
"Атамекен" адал бизнесмендерді қорғау және қолдау үшін жұмыс істейтінін бірнеше рет айтқан болатын. Сонда қай бизнес адал жұмыс істейді, ал кімнің іс-әрекеті заңсыз? Осы мәселені шешу мақсатында біз кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін әзірлеуді қолға алдық", – деді Рустам Жүрсінов.
Бүгінде мемлекеттік органдардың 100-ден астам деректер базасы бар. Бірыңғай бизнес-тізілім осы деректер базаларымен біріктіріледі. Нәтижесінде әр кәсіпкердің "ақпараттық портретін" көруге болады. Тізілім 2020 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланған. ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары цифрландыру тақырыбын айтып, депутаттарға Ұлттық палатаның негізгі жобаларының бірі – Сатып алулардың бірыңғай терезесін таныстырды.
"Сатып алулардың бірыңғай терезесі" бизнеске өнімді өткізудің кең нарығына шығуға мүмкіндік береді. Мұнда сатып алулардың 5 алаңы, 100 мыңнан астам тауар позициясы ұсынылған, сервис сыйымдылығы – 10 трлн теңгеден астам. Сервистің аналитикасы сатып алулардың жоғарылатылған бағаларын анықтауға, көлеңкелі айналымды қысқартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жол ашады", – деді Рустам Жүрсінов.
Спикер өзін-өзі реттеу институты дамуының мәселелеріне жекелей тоқталып өтті.
"Лифт шаруашылығы саласында жақсы үлгі қалыптасты. Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асқан. Өзін-өзі реттейтін ұйым құрылды, нарықта жұмыс істейтін субъектілердің тізілімі өзектілендірілді, 2 400 лифтіге куәландыру жүргізілді. Жоба іске асқан уақыттан бастап апаттар саны 40%-ға қысқарды, сәйкесінше шағымдар азайды. Осы оң тәжірибені бүкіл ел ауқымына тарату керек", – деді "Атамекен" Басқарма Төрағасының орынбасары.
Кездесу барысында МЖӘ механизмі де көтерілді, жобалар әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдануда. МЖӘ мемлекеттік сатып алуларды алмастырудың бір формасына айналды, өз кезегінде бұл жайт жасырын бюджеттік қаржыландыру болып табылады.
"Инвестициялауға тартымды салалар мен объектілерге ие бола отырып, өңірлер көп жағдайда инвесторларға арнап жақсы жобаны дайындап, "қаптамаға орауға" қабілетсіз болып жатады", – деді Рустам Жүрсінов.
"Атамекен" Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, оған себеп жетіп артылады. Соның ішінде жобалардың коммерциялық өміршеңдігін бағалау құралдарының жоқтығы, жобалардың ашық емес жүйесі, сараптаманың тиімсіздігі, техникалық тапсырмаларды әзірлеудегі біліктіліктің жеткіліксіздігі бар.
"МЖӘ-ның үлгілік жобалары және үлгілік инвесторлық шешімдерді, сонымен қатар құрылысшыларға бліктілік талаптарды әзірлеп, бекіту қажет етіледі. Бұл экономикалық өсуді және МЖӘ дамытуды ынталандырудың тамаша мүмкіндігі", – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.