- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Брокерлік қандай мамандық?...
Брокерлік қандай мамандық?
Әдетте сауда-саттықта, коммерциялық мәмілелерде делдалдық жүретіні баршамызға аян. Тіпті экономиканың түрлі салаларында алып-сатарлықпен айналысатын адамдардың үлкен кластері жұмыс істейді. Мұндай адамдар ақша үнемдеуге кедергі ме, жоқ сатып алу, келісу, тауар, жұмыс, қызмет көрсетудегі үдерісті тездететін, уақытты үнемдейтін шынайы дәнекер ме? Делдалдық кешегі күннің қызметі деушілер де бар шығар. Ал қазіргі таңда брокерлік делдалдықтың ресми түрі. Экономика салалаларындағы түрлі брокерелік қызметтің маңызы қандай? Саралайық.
Брокер (ағылшын сөзінен аударғанда делдал) —сатушы мен сатып алушы, сақтаушы мен сақтанушы және басқа да салалар бойынша тараптар арасында делдалдық қызметті атқаратын заңды немесе жеке тұлға.
Брокерлік мәміле жасалатын түрлі салада болуы мүмкін. Осы мамандықтың ең кең тараған бағыты қор биржалары, құнды қағаздар нарығы болып отыр.
Мен брокер бола алам ба?
Брокерлік жайында шетелдік фильмдерден жиі естиміз, сондай-ақ қоғамда да брокерлік сала дамып келе жатқанын көруге болады. Брокерлік дегенде ақша көп табуға болатын, келісудің хас шеберлері жұмыс істейтін сала деп есептейміз. Шынында брокерлік – тәуекелі көп жаңа мамандық.
Брокерлікке әдетте тұйық адамдар жарамайды, түрлі адамдармен оңай сөлейсіп кететін, сөйлесіп қана қоймай, келістіріп, саудаласып, екі тараптан да өз пайдасын кәдеге асыра алатын, тілі майда жандар айналыса алады. Делдал, алып сатар болу үшін жоғарыда аталған қасиеттер мен машықтар жеткілікті. Алайда реси түрде брокерлікпен айналысу үшін арнайы білім керек. Мәселен, кеден саласында қызмет атқаратын болсаңыз, кем дегенде Кеден кодексі бойынша өзгертулер мен жаңашылдықтарды білгеніңіз жөн.
Қандай мамандық керек?
Қызметті осы салада жүргізуді көздесеңіз, оны ерте жастан басату керек, яғни мектепті бітіре салып экономикалық, заңгерлік немесе писхологиялық бағытты таңдаған жөн. Аталған салалар бойынша біреуі негізгі мамандық қалған екеуі бойынша жалпы білім болғаны құптарлық. Өйткені есептеулер мен мәмілелер жасауда іскерлік, салалардағы құқықтар мен мүдделерді саралауда заңгерлік, ал адамдарға сенім мен артықшылықтарды жеткізіп, дәлелдеу үшін психологиялық машық та керек-ақ.
Қазақстанда брокерлер қайда жұмыс істейді?
Елімізде брокерлер әлемдегі практикадай қатты дамымаса да, қор биржасында, алып-сатуда, кедендік қызмет, сақтандыру саласында жұмыс істейді. Ең жақсы дамыған сала кеден қызметі болып отыр. Әйтсе де бұл нарықтада көлеңкеде жұмыс істейтін айлакерлер бар. Осы олқылықтың алдын алу үшін мемлекет тарапынан да, мамандырылған ұйымдар да шара қолдануда. Мәселен, «Атамекен» ҚР ҰКП палатасы осы саланы заңдастыру үшін брокерлердің ұлттық рейтингін әзірлеуді ұсынып отыр.
Брокерлердің Ұлттық рейтінгі не береді?
Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың айтуынша, аталған рейтингті енгізу сыртқы нарық қызметінде алақол қатысушыларды ысырып тастайды. Қазіргі кедендегі брокерлік қызметте сыбайлас жемқорлыққа бастайтын тәуекелдер бар.
«Бүгінде нарықта заңсыз жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар салық міндеттемелері бойынша мәселелері бар адамдар жұмыс істейтіні жасырын емес. Мұндай рейтинг – өзін-өзі реттеуде кезекті сату болып отыр. Біз жұмыс істеп тұрған субектілердің жұмысын заңдастырмақпыз», – деді Геннадий Шестаков.
Қауымдастық өкілдері үшін рейтингке қатысу тегін болады. Қазақстандық нарық өкілдеріне де қатысу бойынша шектеу жоқ. Аталған құжат екі бөліктен тұрады: заңға бағыныштылық пен шаруашылық қызметтің заң жүзінде жүргізілуі. Өз кезегінде заңға бағыныштылық екі кезеңде жүреді. Біріншіден, салықтық жүктеудің коэффициенті есептеледі, екіншіден, құқық бұзу рейтингі сараланады.
«Егер бұзушылық арнайы төлемдер талап етуге байланысты болса, онда рейтингтегі позиция жоғалып, нөлге теңеледі», – Геннадий Шестаков.
Уақыт өте келе рейтинг тәуекелдерді басқару жүйесіне қосылып, шаруашылық субъектілерін заңдастыру үшін жағдай жасауы мүмкін. Бұған Мемлекеттік кірістер комитетінің ынталандыруы ықпал етпек.
«Ұлттық рейтингтердің жүйесі оның қалыптасуында бизнес атсалысқаны үшін керек. Біздің құрылым осындай рейтингтер жұмысына мұқтаж», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин.
Осындай шаралар арқылы брокерлік қызметке де айшықтар енгізіледі. Бұл межемен экономика саласында авиаброкер, брокеридж, дилер, дистрибьютор, несие брокері, лизинг брокері,спорт және басқа да ойындарға ставка қоюдағы брокерлер қызметі де назарға алынбақ.
Әлия Кемелбекова
А. Оралқызы