- Негізгі бет
- Бизнес жаңалықтар
- Қазақстандықтар мобильді қосымша...
Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы қор нарығында сауда жасай алады
Фото:
Kapital.kz
Ұлттық банк жуырда қор биржасының онлайн сауда платформасын халыққа ұсынады. Мобильді қосымшаның көмегімен әрбір қазақстандық еліміздегі әртүрлі компаниялардың құнды қағаздарын "блокчейн" базасы негізінде сатып ала алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.
"Ұсынылған онлайн қызмет Ұлттық банктің банкноттары мен компаниялардың акцияларын сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік береді. Ел азаматтарына ешқандай шектеулер қойылмайды. Нарықтың онлайн валютасының біреуі 100 мың теңгеге бағаланып отыр", — делінген Ұлттық Банк мәлімдемесінде.
Ресми ақпаратқа орай, аталған мобильді қосымша 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылмақ. Болашақта компания акцияларынан бөлек, облигациялар мен фьючерстер де онлайн қор нарығында саудалануға берілмек.
Ж. Өрісбай