Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер тізімінде 11 сатыға төмендеді

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер тізімінде 11 сатыға төмендеді
Фото: businessnetworkmag.com

Жаһандану үдерісінде елдердің экономикасын ескере отырып, бәсекеге қабілетін анықтау үшін қандай критерийлер қаралуы керек? Мұны анықтау үшін The World Economic Forum экономистері бәсекеге қабілетті елдердің индексін (GCI) дайындады.

GCI мамандары бәсекеге қабілетті елдерді анықтау үшін әрбір елдің инфрақұрылымының сапасын сол елдің ұлттық қарызына бөлгендегі эконометрикасын қолданған.  Жалпы индекстің соңғы есебінде 138 ел портфолиосы қаралыпты.

Индекс мынадай 12 субиндексті зерттеу арқылы дайындалған:

Негізгі талаптар субиндексі: 

— Макроэкономикалық орта 
— Институттар 
— Инфрақұрылымдар 
— Денсаулықты сақтау және базалық білім беру 

Үдемелі даму субиндексі: 

— Қаржы нарығының дамуы 
— Жоғары білім мен тренингтер 
— Сауда нарығының дамуы 
— Еңбек нарығының дамуы 
— Нарық ауқымы 
— Технологиялық жаңалықтар экожүйесі 

Инновация субиндексі: 

— Бизнес 
— Инновация

Соңғы 9 жылды қамтыған бәсеке қабілетті елдер тізімі

Соңғы сараптамалық индекс көрсеткішіне көз жүгіртсек, Швейцария (5.81) бәсекеге қабілетті елдердің ішінде көш бастап тұр. Еуропаның орталық бөлігінде орналасқан ел 2008 жылы болған ипотекалық дағдарысқа дейін бірінші орында тұрған АҚШ-тан (5.70) озып отыр.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтау индексі өзге экономикалық рейтингтер сынды таныла қоймаған да, тек ЖІӨ-нің статистикасына үңілмеудің өзге жолы болып саналады. Расында, көптеген дамушы ел ЖІӨ-і бойынша рейтингте алдыңғы қатардан көрінсе де, елдің инфрақұрылымы, қаржы нарығы, денсаулықты сақтау және білім беру секторлары дамытуды қажет етеді.

The World Economic Forum GCI индексін дайындауға қажет ақпараттарды сол елдегі жетекші сараптамалық агенттіктерден алады. Мысалы, Қазақстанның жоғарыда айтылған 12 субиндекске қатысты ақпаратын Министірлік жанындағы ұлттық сараптамалық орталық дайындаған. Қазақстан бір жылда 42-ден 53-орынға төмендеп отыр.

Соңғы екі жылда мұнай бағасы арзандап, теңге девальвацияға ұшырағаннан кейін бәрімізге белгілі ЖІӨ көрсеткішінің төмендеген. Себебі әлемдік нарықтағы эконометрикалық зерттеулер АҚШ доллары құнымен есептеледі. Мұнай бағасы төмендеген соң Қазақстанға экспорттан түсетін кіріс көлемі азайған. Ұлттық валюта да құнсызданғаннан кейін бюджеттегі табыстың АҚШ долларына шаққандағы құны бірнеше есе қысқарған. Сәйкесінше еліміздің ЖІӨ-і қысқарып, рейтингте 11 саты төменге жылжып отыр.

Ж. Өрісбай