"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау Бизнес" жобасы аналогиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың "Жас кәсіпкер" жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жастардың бойында жеке бизнесті ашуға қажет машықтарды қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.
Нысаналы аудитория – NEET категориясындағы жастар, 18-29 жас аралығындағы жас отбасылардың мүшелері, аз қамтылған көп балалары отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекқор мүгедектер.
Оқудың басталуы – 2019 жылдың ІІІ тоқсаны. Жоба қалалар, аудан орталықтары, моноқалалар және республикалық нысандағы қалаларда жүзеге асады.
Бизнес-тренерге қойылатын міндеттер:
• "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
• Бағдарлама шарттары бойынша қаржыландыруды алуға көмектесу;
• Қаржыландыру алған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу;
• Аудан/қалаға маркетингтік зерттеуді жүргізу – жоба қатысушылары және басқа да кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай орнықтыру мақсатында бастапқы ақпаратты жинақтау (өткізу тізбегін қалыптастыру).
Кәсіби білік:
• экономика/ педагогика саласында жоғары білімнің болуы (міндетті), басқа мамандықтар – құпталады;
• байланысты салаларда жұмыс өтілінің болуы міндетті. Кәсіпкер, коуч/ментор ретінде тәжірибе және талдау жасай білу құпталады;
• қаржылық сауат/бизнес-жоспарларды құру және түсіндіре білу;
• нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін білу;
• салықтық заңнаманы білу;
• маркетинг және маркетингтік зерттеуді білу;
• дербес компьютермен жұмыс істей білу (Excel, Word-пен жұмыс істеу).
Soft skills:
• Мемлекеттк тіл және ресми тілді білу;
• Жоғары коммуникативтік машықтар және келіссөздерді жүргізудегі тәжірибе;
• Әлеуметтік желілердегі іскерлік позиция;
• Командада жұмыс істей алу.
Шарттар:
• 3-6 ай бойы толық жұмыспен қамтылу.
• 3-6 ай бойы ауыл, аудандарға барумен қоса толық жұмыспен қамтылу;
• Баспана бөлек берілмейді, іссапар шығандары өтеледі.
• KPI көрсеткіштері орындалғаны бойынша бонус төленеді.
Жобаға қызығушылық танытсаңыз түйіндемеңізді мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: cvbastau@gmail.com