"Атамекен" журналистер арасында байқау жариялады

"Атамекен" журналистер арасында байқау жариялады
Фото: atameken.kz

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің 6 жылдық мерейтойына орай "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, отандық кәсіпкерліктің дамуы туралы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға байқау жариялайды.

Байқаудын мақсаты – отандық кәсіпкерлердің үздік тажірибесін, мемлекет дамуындағы бизнестің әлеуметтік және экономикалық рөлін насихаттау, медианы "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында насихаттауға шақыру. Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, оның ішінде штаттағы және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.

Тақырыпқа, байқау талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кешігіп жіберілген жұмыстар байқауға қатыспайды. Байқау жұмыстарын бағалауда, материалдың кәсіптік деңгейі, жаңашылдығы, эксклюзивтігі, стилі, мазмұндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен растығы ескерілетін болады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, келесі электронды мекенжайға жіберу керек – pr@atameken.kz ("Атамекен" ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті).

Байқау жұмыстары өтініш берілгеннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 8, "Б" блогы, 2642-кабинетіне пошта арқылы жіберілуі керек. Егер байқауға түскен жұмыс ережеде көрсетілген шарттарға сай келмеген жағдайда, Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтінімін байқауда қарастырмау құқығын иеленеді.

Байқауға БАҚ-та 2019 жылдың 1 қаңтары мен 1 қыркүйек аралығында жарияланған материалдар байқауға қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі байқау жарияланған күннен бастап 2019 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Байқау келесі аталымдар бойынша жүргізіледі:

– баспасөз БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
– телевизиядағы үздік репортаж (ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм);
– интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
– үздік радио-сюжет.

Материалдарды ұсыну тәртібі

Әр материалға бөлек өтінім беріледі. Онда БАҚ жетекішісінің қолы, автордың аты-жөні, жұмыс орны, қызметі мен байланыс деректері көрсетіледі (электронды мекенжайы мен телефон нөмірі). Аудио и бейнематериалдар эфирлік анықтамалармен қоса беріледі. Байқауға қатысуға өтінімдер хабарландыру шыққан күннен бастап қабылданады.

Аудио мен фото жұмыстар эфир анықтамаларымен қоса беріледі. Телевизиялық жұмыстар – DVD-дискілерде, радио және фото жұмыстар – CD-дискілерде, ал баспа материалдар Word форматында және материал шыққан басылымның PDF форматында (скан көшірме БАҚ жайында ақпарат пен шығыс деректер көрсетілуі тиіс) беріледі.

Бейнесюжеттер 2 минуттан кем емес және деректі фильмдер мен телебағдарламалар 15 минуттан аспайтын хронометражда DVD форматында 1280х720 рix-тен кем болмайтын көрсеткіште ұсынылады.

Аудиоматериалдар хронометражы 20 минуттан аспайтын mp3 форматында ұсынылады. Мәтіндік материалдар Word форматында Ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқау қорытындысы 2018 жыл 30 қыркүйекте "Атамекен" ҚР ҰКП ресми сайтында – www.atameken.kz жарияланады.

Қосымша ақпаратты "Атамекен" ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінен алуға болады. Байланыс: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz, бірыңғай call-орталық – 1432.

"Бизнестің жол картасы ­– ­2020" мемлекеттік бағдарламасы және қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы артықшылығы, жетістіктері жайында Бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық байқау ережесі.

Байқаудың өтінім формасы

Massaget