Нұрсұлтан қаласында отандық кәсіпкерлерге ел Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқау-көрмесінің дипломдарын табыстау салатанаты өтті. Сонымен қатар, тұңғыш рет "Атамекен" ҰКП ұйымдастырған "ALTYN OIMAQ" байқауының, дәстүрлі "ІСКЕР", "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ", т.б. сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды.
Бүгін қазақстандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланған күн болды. Дәстүрге сай, ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздің ірі, орта және шағын бизнес өкілдері жоғары марапаттарды иеленді. Сапа мен дамуды алдыңғы орынға шығарған отандық кәсіпкерлерді маңызды шарамен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
"Индустрияландыруды табысты жүзеге асыру - баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте бизнес өкілдеріне үлкен үміт артамыз. Кәсіпкерлік - ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан, түрлі кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға зор мән береміз. Соның айқын көрінісі ретінде бүгін осы жылдағы индустрияландыру шараларын қорытындылап, сала үздіктерін атап өту үшін жиналдық. Біздің іскер азаматтарымыз Қазақстанды танытуға және экономикамызды өркендетуге мол үлес қосып келеді. Бүгінгі марапат - Сіздердің еңбектеріңізге мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Осындай игі бастама еліміздегі кәсіпорындарды дамытуға ерекше серпін беретіні анық. Сондай-ақ, отандық өнім өндірушілерді зор жетістіктерге ынталандырады деп сенеміз. "Парыз", "Алтын Сапа" және "Қазақстанның үздік тауарлары" ұлттық байқауларының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын", - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ел Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы республиканың үздік кәсіпкерлеріне 2006 жылдан бері табысталып келеді. Соңғы 7 жыл көлемінде маңызды шараны "Атамекен" ҰКП ұйымдастырып келеді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы мекемелер "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" және "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын" аталымдары бойынша кәсіпорын көлеміне орай үш-үштен жүлдеге ие болды.
Атап айтқанда:
• "Азық-түлік тауарларынжәне/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын": "Мағжан и К" ЖШС (Қызылорда облысы), "МИЛХ" ЖШС (Қостанай облысы), "Good Look" сауда үйі"ЖШС (Жамбыл облысы).
• "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын": "ТрансАвиа" ЖШС (Алматы), "Caspian engineering&research" ЖШС (Маңғыстау облысы), "KAZTECHNOLOGY" инжиниринг компаниясы" ЖШС (Нұр-Сұлтан).
• "Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын": "KПK ZETA" ЖШС (Алматы облысы), "Құдайбергенов Ф. Т." ЖК (Түркістан облысы), "Роза киіз басу зауыты" ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы).
• "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын": "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ (Алматы), "Орал трансформатор зауыты" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы), "AZAM-KC"ЖШС (Ақмола облысы).
Іс-шара аясында сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет өткен ALTYN OIMAQ дизайн байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл ел көлемінде алғаш рет "Атамекен" ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің бас болуымен байқау Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Шығармашылық бәсекенің мақсаты - киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастырып, насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамытып, оған деген сұранысты ынталандыру болып табылады. Тың байқауға қатысушылар алты номинация бойынша бақтарын сынай алды. Ұлттық стильдегі киім-кешек әзірлегендердің арасында белгілі дизайнерлермен қатар, жастар, тіпті, жасөспірімдер бар. Мәселен, анасы арқылы өтінім берген 10 жасар Айгерім Мұратқызы өз қатарластарына арнап жасаған ұлттық стильдегі пальтоның эскизімен "Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны" номинациясында өзге қатысушылардың арасында алға озып шықты.
• "Ұлттық ою-өрнек элементтері бар балалар киімінің үздік дизайны" - Мазинова Айнагүл (Ақтөбе облысы).
• "Үздік спорттық аяқ киім дизайны" - Абуова Айбибі (Нұр-Сұлтан).
• "Ұлттық ою-өрнек элементтері бар үйдегі тоқыма бұйымдарының үздік дизайны" - Евгения Жандарбаева (Нұр-Сұлтан).
• "Ұлттық ою-өрнек элементтері бар іскерлік киім үлгілерінің үздік дизайны" - Битөреева Эльмира (Алматы).
• "Ұлттық ою-өрнек элементтері бар спорттық киімнің үздік дизайны" - Алина Данилова (Алматы). Бұл дипломант сондай-ақ жалпы сайыстың Гран-Приіне ие болды.
Сондай-ақ, "Бизнес Кемелдік" халықаралық сыйлығы "Адили" ЖШС мен "Павлодар Темірмаш" зауытына берілді.
"Іскер" сыйлығымен "Айсберг ПВ" ЖШС, "Нәтиже сүтфабрикасы" ЖШС, "Шахтерское" ЖШС, "Семирамида" тігін фирмасы"ЖШС, "Гранд Микс"ЖК, "Ж.Б.Байтемирова" ЖК, "СКФОтделстрой"ЖШС, "Уразбаева А SU_KZ" ЖК, "Дана-Дель" ЖК," Султанов С.Т." ЖК марапатталды.
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" бренді сыйлығының лауреаттары: "Абай Даулет" ЖШС, "Премиум Ойл Транс" ЖШС, "Good Look" Сауда үйі" ЖШС.
Ал "Қазақстанның үздік тауарлары" байқау-көрмесіне республика бойынша биыл мыңнан астам кәсіпкер ат салысып, олардың 153-і облыстар деңгейінде озып шықты. Бұл байқау бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары" аталымдары бойынша 9 жеңімпаз кәсіпорынға тиесілі жүлделер берілді. Олар:
• "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар": "Шыны пластик құбырлары зауыты" ЖШС, "БатысАльянсСтрой" ЖШС, "Глобал Спецодежда" өндірістік бірлестігі" ЖШС.
• "Халыққа арналған үздік тауарлар": "ПЭРИ" ЖШС, "ПК AГФ Group" ЖШС, "MARAI E7 Group" ЖШС.
• "Үздік азық-түлік өнімдері": "ВИЗИТ алкогольсіз сусындар зауыты" ЖШС, "Казмясопродукт" ЖШС, "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС.
Мемлекет басшысы "Алтын сапа" сыйлығының "Үздік индустриялық жоба" және "Үздік инновациялық жоба" аталымдары бойынша марапаттарды иелеріне тапсырды. Қарағанды өңірінің "Бёмер Арматура" ЖШС-нің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан "Үздік индустриялық жоба" атағын, ал Қызылорда облысында жұмыс істеп келетін "СКЗ-U" кәсіпорны "Үздік инновациялық жоба" сыйлығын еншіледі.
Биыл "Алтын сапаның" сыйлықтарына шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріның арасынан 200-ден астам кәсіпорын үміт артқан болатын. Үздіктерге марапаттарды ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Парламенті депутаттары табыстады.