- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Ардақ Назаров жастарды...
Ардақ Назаров жастарды батыл қадам жасап, табысты болуға шақырды
Белгілі спортшы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас кәсіпкер» жобасының бренд өкілдерінің бірі болды.
22 шілдеден бастап еліміздің барлық қалалары мен аудандарындағы 200 мектепте бизнес негіздері бойынша оқытудан өтуге ниет білдірушілер кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтаны анықтау мақсатында тестілеуден өтіп жатыр.
2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді оқытудың жалпы саны Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша екі есеге артты. Екі оқу бағдарламасында 75000 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және көп балалы отбасылардың мүшелері оқытылады, олардың жартысы – 18-29 жас аралығындағы жастар болады.
«Балалармен жаттығу кезінде және біздің мектебімізде 500-ден астам спортшылар бар, сондай-ақ жастармен кездесулерде мен әрқашан адамгершілік тәрбиесінің қажеттілігі туралы айтамын. Бұл еңбекке баулу, ата-ананы құрметтеу сияқты өзгермейтін ақиқаттар. Әлеуметтік желілерден «Жас кәсіпкер», «Бастау» оқу жобалары туралы ақпаратты көріп, оны жастар қолдайтынын көргенде, мен де өз үлесімді қосуды жөн көрдім», – деді танымал күрескер.
«Кәсіп, жеке бизнес жүргізу, бай болу жақсы, бірақ ол еңбекқорлық арқылы келеді. Менің достарым, таныстарым және бизнесмендер менен де ертерек тұрып, түн ортасында ғана ұйықтайды. Неліктен?, себебі, олар тек өздері үшін ғана емес, жұмыс үшін де, өз командасы үшін де, айналадағылар үшін де жауап береді. Бұл бизнес пен спорттың арасындағы ортақ нәрсе», – деп атап өтті Ардақ Назаров.
«Тек жұмыс арқылы ғана өркендеуге жетесіз», – осымен ережесіз күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров келіседі.
Білім беру жобаларының ерекшелігі – оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеу сынды үш негізгі элементті біріктіру. 22 шілдеден бастап 200 мың жас және көп балалы отбасылардың мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша 200 сыныпта кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады. Бір қызығы, 60 сынып елорда және ірі Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан. Дәл осы қалаларда тұрақты табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастардың көп бөлігі шоғырланған.
«Мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін жастар арасында танымал адамдарды тарту туралы «Атамекеннің» бастамасын қолдаймын. Өйткені, бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзі болып отыр. Сондықтан мен атақты спортшыларды, шоу-бизнес жұлдыздарын қоғамымыздың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге шақырамын, – деді А.Назаров. – Мен жастарды батылдықпен алға ұмтылуға, ештеңеден қорықпауға шақырамын. Мемлекет жастарды қолдауда үлкен жұмыс атқарады: жастарға білім ғана емес, сонымен қатар гранттар мен несиелер де берілуде».
Спортшы жастарды мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шақырған бейнероликке түсті. Ұйымдастырушылар атақты тұлғалармен вирустық бейнелер сериясын дайындауды жоспарлап отыр.
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар немесе көп балалы отбасылардың мүшелері «Жас кәсіпкер» жобасында қатыса алады. Ол үшін өтінімді qoldau.atameken.kz сайтына жіберу керек. Палата филиалдары немесе «Атамекен» ҰКП байланыс орталығы – 1432 нөміріне қоңырау шала аласыз (қоңырау шалу тегін).
А. Оралқызы