Сапа саласындағы заманауи бағыттар мен іс-шаралар жайында Атамекен ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов сұхбат берді. XVI Азиялық сапа конгерсі(ANQ-2018) 19-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді. Бұл іс-шара Қазақстанда бірінші рет өткелі жатыр, демек елімізде тұңғыш рет сапа менеджменті, сертификаттау, стандарттау, метрология, жетілдіру модельдері,бенчмаркинг саласы бойынша әлемдік дәрежеде кәсіби мамандар жиналады. Яғни сапаның өзекті мәселелерін шешуге түрткі болатын негізгі бағыттар талқыланады. Елдос Мұратұлы, Конгрестің өзі туралы айтып берсеңіз, оның көздеген мақсаттары қандай? Конгерстің мақсатын түсіну үшін оның құрылу кезеңіне тоқтала кетейік. Азия өңірлері бірлесу арқылы интеграция мен өмір сапасын жоғарылату мақсатында сапа бойынша азиялық желіні қалыптастырды. Осылайша 2002 жылы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және басқа мемелекеттердің сапа саласындағы ұлттық ұйымдары топтарының бастамасымен Азиялық сапа ұйымы құрылған болатын. Оның негізін қалаушы Токио университетінің құрметті профессоры Нориаки Кано. Конгресс құрамына 17 мемлекет кірді, оның ішінде Қазақстан да бар. Бүгінде Азиялық сапа конгресі Азия мемлекеттерінің бірінде өтетін жыл сайынғы шараға айналды. Конгресс құрылған уақыттан бастап іс-шаралар Токио, Дели, Бейжің, Бангкок, Сингапур, Тайпей, Владивосток мен Гонконгте өтті. Сапа саласына қатысты жоғары дәрежедегі шара Қазақстанда бірінші рет өтпек. Биылғы Конгресс өздігінше нетфоркинг озық халықаралық тәжірибе алмасуға арналған ірі диалог алаңын құру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы ретте қазақстандық компаниялар стандарт пен сертификат бойынша әлемдік агенттіктен тікелей байланыс алып, халықаралық аренада ойын шарттарын зерттей алады. Естеріңізде болса, кеңес одағы кезеңінде тауар сапасын мемлекеттік органдар бақылайтын, ол уақытта бүтін ғылыми институттар құрылған еді. Қазіргі таңда әр кәсіпкер сапаны өзі қамтамасыз ету керек, әрине оған мүдделі болса. Кәсіпкер сапалы шығарылған тауар оның өндірісін халықаралық нарықтарға шығарып, экспортты қамтамасыз ететінін түсінуі қажет. Сөзсіз, Конгресс жұмысы экономикамыздың жаңғыруына оң әсер береді, өйткені сапа мәселелерін шешу кәсіпкерлердің белсенді қатысуын талап етеді. Бұл сапаны басқару жүйелерін модернизациялау, салалардың инновациялық жаңаруы, тиімді өндірістік жобаларды қолдау және оларды инновациялық тартымдылықпен қамтамасыз ету. Атамекен аталған Конгреске қандай қатысы бар? Естеріңізде болса Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бастап ҚР Президентінің Алтын Сапа сыйлығын алу байқауы мен Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауының басты ұйымдастырушысы болып табылады. Бұл байқаулар отандық тауар өндірушілерді қолдау мен олардың сапасын насихаттауға бағытталған. Елімізде бұл Конгресті өткізу өз компанияларының сапалы өсуіне мүдделі отандық бизнес-қоғамдастыққа бірегей мүмкіндік. Отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ең өзекті мәселе. Атамекен ынтымақтасу шеңберінде сапа философиясын, оның алға басуы әрбір қазақстандық компанияның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болуына атсалысады. Біз сапаны жақсарту саласында үздік әлемдік практикалар әр отандық кәсіпкер арсеналына кіруін қалаймыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, Конгресс барасында отандық бизнес осы әлімдік стандарттармен танысып, халықаралық нарықтың толыққанды қатысушысы бола алады. Қазақстандық кәсіпорындардың сапа дәрежесін көтеру мақсатында республикалық байқауларды өткізу ережелері айтарлықтай өзгерді. Біріншіден, кәсіпорындарды ынталандыру шаралары әр лауреатқа 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Екіншіден, кәсіпорындарға білікті сарапшылар (асессорлар) барып көшпелі зерттеулерді көздейтін қосымша кезең енгізілді. Салалық сарапшылар қажетті консултьация беріп, компанияларыңыздың халықаралық байқауларға қатысуға ынталандыратын болады. Отадық бизнес үшін Азиялық сапа желісі мен Атамекен ҚР ҰКП арасында Ынтымақтастық пен бірлескен қызмет туралы Келісім жасалады. Аталған келісім отандық кәсіпкерлерге халықаралық конгрестерде, шеберлік сабақтарда Сапа тәжірибесіндегі кемелділік үшін азиялық мойындау байқауында қатысуға мүмкіндік береді. Биыл Конгресті өткізуде неге Қазақстан таңдалды? Конгресті өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Интеграциялық процестерді жедел дамыту жағдайында Қазақстан үшін сапа мәселелері ерекше мәнге ие. Конгресс жұмысы бірнеше тақырыптық ағымдардан Сапада жоғары сапа мен рөлді анықтау, брэнд-менеджмент, өндірістегі кемелдіктің азиялық моделі, Бір белбеу бір жол халықаралық сапа альянсы жәнесапалы инновациялар, көшбасшылық, қызметтер сапасын арттыру және т.б. мәселелер бойынша сессияларды өткізуден тұратын болады. Бұған қоса конгресте бүкіл әлем практикасына негізделген экономиканың барлық салалары мен әлеуметтік сала бойынша шеберлік сабақатар өтеді. Конгресс аясында сапа саласындағы жетістіктер үшін Ишикаво-Кано наградасы лауреаттарын марапаттау мен сапа үшін Азиялық компаниялардың ANQ наградаларымен марапаттау салтанаты өтеді. Айта кетейін, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бөлек конгресті ұйымдастыру жұмысына Азиялық сапа желісі, ҚР Инновациялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология комитеті қолдауымен Қазақстанның сапа және инновациялық менеджменті ұйымы қатысып отыр. Анықтама үшін: Ишикава-Кано сыйлығы ХХ ғасырдың екінші жартысында сапаны басқару саласындағы екі айтулы ойшылдардың құрметіне тағайындалған марапат. Prof Каору Исикава жәнепрофессор Нориаки Кано өз қаражаттарынаәлемнің түкпір-түкпірінде өмірдің сапасын жақсартуға күш салған.Профессор ИшикаваTotal Quality Management эволюциясының пионеры саналады. Оның ең елеулі мұрасы Гембада (өнім немесе қызмет көрсететін орынд білдіретін жапондық термин) сапаны бақылау шеңберлері арқылы өздерінің жұмысын барлық мүдделі тараптардың пайдасына басқару үшін эмоционалды және зияткерлік әлеуетін пайдалану. Профессор Нориаки Кано сапа менеджменті тұжырымдамасына және тәжірибесіне елеулі үлес қосқан әлемдің сапа менеджменттегі заманауи көшбасшылардың бірі саналады. Оның кең қолданыс тапқан мұрасы бүкіл әлемде экономиканың барлық салаларында өнімнің дамуына әсер ететін тартымды сапаны құрудағы Кано моделі болып табылады. Азиялық сапа конгресінің спикерлері туралы не айтасыз? Конгресс жұмысына сарапашылардың жоғары пулы дайындалған. Іс-шараға АҚШ, Еуроодақ, Латын Америка, Африканың ұлттық сапа ұйымдарының өкілдері қатысады, бұл дегеніміз 200-ден астам қонақ. Қатысушылар арасында Нориаки Кано (Жапония), Клаес Берлин (Швеция), Елизабет Кейм (АҚШ), профессор Мохамед Заири (Ұлыбритания) сынды кәсіби сарапшылар және басқа да әлемдік дәрежедегі атақты ғалымдар қатысады. Конгресс бағдарламасында сапа менджменті саласында жұмыс істейтін белгілі ғалымдар мен кәсіби мамандардың баяндамалары оқылады. Баяндамашылар ағымдағы мәселелер, сонымен қатар 4-ші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканың әртүрлі салаларының табысты дамуы туралы көзқарастарын білдіреді.Қазақстанның сапа және инновациялық менеджменті ұйымы мен Азиялық сапа желісінің президенті Азат Абдрахмановты бөлек атап өткен жөн. Ол Еуропа сапа менеджменті қорында (EFQM) тұңғыш қазақстандық асессор (сарапшы) атанды. Азат Абдрахманұлы ҚР Президентінің Алтын сапа сыйлығын алу байқауы жұмысына сарапшы ретінде белсенді атсалысады. Бүгінде Қазақстанда сапа саласында осындай мамандардың тапшылығы қатты сезіліп отыр. Бізге осы олқылықтың орнын толтыру керек, осы ретте жұмысшылар жетіспеушілігі ғана емес, сондай-ақ олардың біліктілігі мен заманауи нарық талаптарына білімнің сәйкес келмеуі де үлкен мәселе. Соңғы сұрақ, келесі Конгрестің өтетін орны белгіленді ме? Иә, белгілі. Келесі 17-ші Азиялық сапа конгресі ANQ-2019 Бангкокте (Тайланд) өтеді. Биыл Атамекен Конгрестің ұйымдастырушысы ретінде іскерлік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша ұсыныстар жиынтығын, шаралар кешенін ұсынуға үмітті. Толымды сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!