"КАЗСПО-N" ЖШС алаңында Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы және ATU университеті ұйымдастырған дөңгелек үстелде жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына мамандарды дайындау мәселесі талқыланды.
"Дөңгелек үстел мақсаты кәсіпорындарда және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарға арналған сұранысқа ие мамандықтары бойынша мамандар тапшылығының түйткілді мәселелерін талқылау. Ағымдағы оқу жылы жұмыс берушілердің бастамасымен АТУ-да "Жеңіл өнеркәсібіне арналған машиналар мен аппараттар" мамандығына студенттер қабылдауы жүзеге асырылды. Жеңіл өнеркәсібіндегі технологиялық операциялардың қарқынды дамуымен озық технологияларды енгізіп жатқан кәсіпорындар саны артып келеді. Кәсіпорындарға мамандар: механик, оператор, электр дәнекершілер қажет, олар жабдықты реттеу, жөндеу, жаңартуда қызмет көрсетер еді", – деді Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова.
Факультет деканының айтуынша АТУ-да үшінші жыл қатарынан Еуропа дизайн институтымен (Италия) "Дизайн" мамандығы бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Студенттер оқу аяқталғанда екі дипломға ие болады. Қазіргі таңда төрт студент Италияда оқып жатыр.
"Биыл «Жеңіл өнеркәсібіне арналған машиналар мен аппараттар» мамандығы бойынша барлық рұқсат құжаттар мен лицензияларды алдық. Сонымен қатар осы мамандық бойынша 13 адам білім алуда. КСРО-дан кейін студенттер алғаш рет осы мамандыққа оқып жатыр. Сондықтан, оқушылар олар қайда ары қарай жұмыс істейтіндерін түсінуі біз үшін маңызды", – деді АТУ "Жеңіл өнеркәсібі және дизайн" факультетінің деканы Раушан Жылысбаева.