- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Әлемдік рекорд: жаңарқалық...
Әлемдік рекорд: жаңарқалық 1000 шаруа бір мезгілде 10 мың литр қымыз пісті
Қазақстанда алғаш рет қымыз пісіруден әлемдік рекорд орнатылды. Ауқымды іс-шараны Қарағанды облысының шаруалары Жаңақорған ауданының 90 жылдығы және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырды.
Жергілікті шаруалар туған өлкені бүкіл әлемге танытуды жоспарлады. Жетістікті халықаралық сарапшылар белгілеп алды. Ерекше акцияға ауданның 12 ауылы және 2 кентінен келген 1000 адам қатысты. Олар бір мезгілде 10 мың литр қымызды 1 мың күбіде пісті.
«Мен осы рекордты жазып алу үшін Кубадан арнайы келдім. Ол сусынның дайындалу көлемі, қатысушылар саны және пайдаланылған ыдыс бойынша саналады. Бізді сан алуан түрлі рекордтар бар, алайда мұндай рекордты алғаш көруім. Біз барлығын тексеріп, өлшеп алдық. Бір ай ішінде нәтиже ресми сайтымызда жарияланады», – деді Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.
Осы күні Жаңарарқа ауданының басшылығына орнатылған рекорд туралы куәландыратын сертификат берілді. Қарағандылықтардың жетістігін қайталау өте қиынға соғады деп есептейді Гиннес рекордтар кітабының Қазақстандағы ресми өкілі.
«Біз жаңаарқалықтар және ұлттық сусынымыз бүкіл әлемге танылатынын мақтан тұтамыз. Қымыз өте пайдалы. Барлығы бірдей киім тігіп, күбілерді таңбамен әшекейледі. Бұл межеге талпындық, еңбек еттік, реккордтар кітабы өкілдігімен келіссөздер жүргіздік. Осы мәселеде фермерлерге үлкен қолдауды «Атамекен» ҰКП көрсетті, сонымен қатар аудан және облыс әкімшілігі көмектесті», – деді ұйымдастырушы, жергілікті кәсіпкер Нұргүл Орынбасарқызы.
Мерейтойлы іс-шара Атасу ауылынан 3 шақырым жердегі Қарауыл төбеде жалғасты. Жазықта 60-тан астам үй тігілді. Түрлі алаңдарда аударыспақ, түйе палуан және қол күресі сынды ұлттық спорт ойындары өтті. Гала-концертте отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
А. Оралқызы