5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Atameken FEST республикалық форумы өтеді

5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Atameken FEST республикалық форумы өтеді

5 маусым күні Қазақстан астанасы жас кәсіпкерлер, сонымен қатар кәсіп бастағысы келетін жастардың бас қосатын орталығына айналады.

Аtameken FEST  жас және табысты кәсіпкерлер жиналатын бірегей алаң, онда бизнесмендер табыс тағылымдарымен бөлісіп қана қоймай, нақты кейстер мен бірегей бизнес-кеңестермен бөліседі.

Белгілі вайнер және Yuframe жобасының мүшесі Арман Юсупов  Atameken FEST форумының хэдлайнері болады.

Сонымен қатар форумға вайнер, актер және репер Темірхан Асылбек, «SABYRZHANAYRIN» құрылтайшысы Рүстем Ермекбай, «MIRASKIN SHOP» құрылтайшысы Мирас Иманмадир, әнші The Limba, әнші Әсия Оспанова, «NAIMI.KZ» құрылтайшысы Мағжан Мәдиев, «ROCKET STUDY» құрылтайшысы Арслан Дәрімов, «АРТА», «ПЛАТОНУС» жобаларының құрылтайшысы Болат Башеев, ММА кәсіби балуан Ардақ Назаров, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысады.

Ал фестивальдің ең басты оқиғасы — «Atameken Academy» кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған білім беретін бірегей платформасы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  «Жас кәсіпкер» білім беру жобасының іске қосылуы болмақ.

«Atameken Academy» — кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған білім беретін бірегей платформа. Аталған платформа жастарды оқытып қана қоймай, сондай-ақ платформаны қолданушылар арасында олардың тілдесуі, тәжірибе алмасуы, түрлі бағыттар: бизнес, өзін-өзі дамыту, бизнес-сөздік, бизнес-кейстер, бизнеске кіріспе, инструментарий, жарнама және маркетинг, әлеуметтік желілер бойыша қызықты сұрақтарға жауаптар алып, сонымен қатар мотивациялық бейнежазбалар, шеберлік сабақтар, Қазақстанның табысты кәсіпкерлерінің кеңестері шоғырланған кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастырады.

«Жас кәсіпкер»  оқу жобасы ел аумағында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ қыз-жігіттерге бағдарланған. Аталған жоба «Бастау» жобасының баламасы және оқыту бойынша құрауыштар мен әр стартапты тәжірибелі бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуін қарастырады. Осы жоба арқылы жастар жаңа білім мен машықтарды игеріп, ең соңында жеке кәсіп ашуға мүмкіндік алады. Жоабаға қатысқан соң, жастар бизнеске алғашқы капитал ретінде мемлекеттік гранттар мен жеңілдікпен қаржыландыру мүмкіндігін алады.

Бизнес туралы бәрін білгің келсе, онда 5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қонаев көшесі 4, ҚазМедиа, концерт залы мекенжайы бойынша өтетін Atameken FEST республикалық форумына кел. Форум бағдарламасымен танысу, сонымен қатар қатысуға өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эскимостар туралы қызықты деректер
Эскимостар туралы қызықты деректер
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?