- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Патент: нені білген...
Патент: нені білген жөн?
«Атамекен» ҰКП және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдан бастап патент негізінде арнайы салықтық режимді келесі қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер қолдана алатынын хабарлайды:
• сылақ жұмыстары
• ағаш ұсталау және балташы жұмыстары
• еден жадықтау және қабырғаларды қаптау бойынша жұмыстар
• бояу және әйнектеу жұмысы
• такси қызметі
• автомобиль көлігімен қызметінің шанақ жұмыстары
• сыйақы немесе келісім негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
• фотография саласындағы қызмет
• аударма (ауызша немесе жазбаша) ісі
• мүліктік жалға беру (жал)
• мүліктік жалға көлік құралдарын беру (жал)
• басқа да жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жалға алу мен мүліктік қарыз алу
• ауыл шаруашылығы және жабдықты мүліктік жалға беру
• есептеу техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары және жабдықтарды мүліктік жалға беру
• спорттық білім беру және бос уақытты арнайы ұйымдастыратын мамандарды дайындау қызметі
• мәдениет саласындағы білім беру қызметі
• басқа да білім беру саласындағы қызмет қосалқы білім беру қызметтері
• мәдениет саласындағы қызмет
• компьютерлік және переферийлі жабдықты жөндеу
• коммуникациялық жабдықты жөндеу
• жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеу
• шаштараз қызметі
• маникюр және педикюр
• ветеринарлық қызметтер
• жер телімдерін өңдеу бойынша қызметтер
• тұрғын үй жайларды тазалау және үй шаруасын жүргізу бойынша қызметтер
• базар мен вокзалда жүк тасушылар қызметі
• музыкалық құралдарды дайындау мен жөндеу
• үй жануарларын бағу
Осы ретте аталған қызметтер бойынша патент бойынша қызмет атқарып жатқан кәсіпкерлерге 2020 жыл 1 қаңтардан бастап ақшалай есептерді бақылау-кассалық машиналар арқылы жүзеге асыру қажет. Cалық салудың бір режиміне өтулері керек.
Қызмет түрі жоғарыда аталған Тізбекке қосылмаған жеке кәсіпкерлер салық төлеудің мына режимдердің біріне өтуі керек:
• Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі
• Бекітілген есептік алып қалуды пайдаланумен арнайы салық режимі
• Жалпыға бірдей салық салу тәртібі.
Оңайлатылған декларация негізінде немесе алып қалуды пайдалану арқылы арнайы салық режимдеріне өту үшін 2020 жыл 1 қаңтарға дейін салық салу режимін қолдану туралы хабарлама жіберу керек.
Хабарлама тұрғылықты жер бойынша салық органына қағаз жүзінде немесе электронды форматта (соның ішінде «электронды үкімет» веб-портал арқылы) беріледі.
Таңдалған салық режимін пайдаланудың басталауы – салық салу режимін қолдану туралы хабарлама берілген айдан кейінгі екінші айда басталады.
Патент негізінде арнайы салық режимінің аяқталуы – тиісті салық салу режимін қолдану туралы хабарлама берілген айдың соңғы жұлдызы.
Егер салық салу режимін қолдану туралы хабарламаны 2020 жыл 1 қаңтарға дейін берілмеген болса, салық органы жеке кәсіпкерді жалпыға ортақ салық режиміне автоматты түрде ауыстырып жібереді. Жеке кәсіпкер төлеуі тиіс салық және төлемдер түрлері бойынша ақпарат салық режимдері кескінінде 1, 2, 3-кестелерде көрсетілген.
Салық салу режимдерін қолдану шарттары:
Қызмет түрлері бойынша шектеулер
* оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі және бекітілген алып тастауды пайдаланумен арнайы салық режимін 1) келесі қызметтермен айналысатын кәсіпкерлер пайдалануға құқығы жоқ:
• акциздеуге жататын тауарлар өндірісі
• акциздеуге жататын тауарларды сақтау мен көтерме сату
• мұнай өнімдерінің жекелеген түрі – бензин, дизель отыны және мазутты сату
• лотерея өткізу
• жер қойнауын пайдалану
• шыны ыдысты жинау мен қабылдау
• түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату
• кеңес беру қызметтері
• бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет
• сақтандырушы брокер немесе сақтандырушы агенттің қаржылық, сақтандырушы немесе делдал қызметі
• құқық, заңгерлік және әділ сот саласындағы қызмет
• қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет
2) басқа да құрылымды бөлімдерінің иелері және (немесе) түрлі елді-мекендегі салық салу объектілері ** агенттік келісім-шарттар (келісім-шарттар) негізінде қызмет көрсететін кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес.
1-кесте
* ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 50 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес
* * ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 7 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес
2-кесте
* ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 50 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес
* * ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 7 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес
3-кесте
* ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 50 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес
* * ең төменгі еңбекақыдан төмен емес және 7 ең төменгі еңбекақыдан жоғары емес