- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- 2021 жылы Экологиялық...
2021 жылы Экологиялық кодекстің жаңа 5 механизмі іске қосылады
"Атамекен" алаңында бизнес-қоғамдастық және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа экологиялық кодекске енгізілетін түзетулерді қарастырды.
Жаңа заңнаманың негізгі принципі – "ластаушы төлейді". Кешенді экологиялық рұқсатты, сондай-ақ салынып жатқан зауыттың табиғатқа әкелетін залалын міндетті бағалауды енгізу. 2021 жылы қандай механизмдер іске қосылмақ?
Қалпына келтіру, майсыздандыру және зиянды қалдықтарды жою саласында лицензиялауды енгізу
Осыған дейін: лицензиялау болмаған.
Күтілетіні: қайта өңдеу, майсыздандыру, зиян қалдықтарды утилизациялау (энергия алу мақсатында қалдықтарды инсинерациялау бөлігінде), жою бойынша жұмысты атқару үшін кәсіпкерлік субъектілерін лицензиялау.
І категориядағы жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру үшін кешенді экологиялық рұқсаттары (КЭР) міндетті алу туралы талапты енгізу
Осыған дейін: КЭР міндетті емес сипатта болды.
Күтілетіні: І категориядағы жаңадан құрылған объектілерге КЭР-ды алу міндетті. Кодекс жобасы КЭР жаңадан құрылатын объектілер үшін ғана емес, қайта қалпына келтірілген объектілер үшін де міндеттелмек (шығарындылардың көлемі артқан жағдайда).
Тексеру және кәсіпорынға барып, профилактикалық бақылау жүргізу үшін мерзімдерді ұзарту
Осыған дейін: тексеруге 15 жұмыс күні берліген.
Күтілетіні: зертханалық зерттеулер нәтижесін алу қажет болған жағдайда тексеру мерзімін ұзарту мүмкіндігі (қоршаған ортаны қорғау саласындағы сынамаларды зертханалық зерттеу нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда мерзімді мына мерзімге ұзартуды қарастыру: жоспардан тыс тексеру үшін – 10 жұмыс күннен артық емес; кәсіпорынға келумен профилактикалық бақылау үшін – 15 жұмыс күннен артық емес).
І категориядағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу
Осыған дейін: табиғатты арнайы пайдалануды жүзеге асыратын ластаушы – ірі кәсіпорындарға мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу ерікті сипатта болды.
Күтілетіні: өндірістік экоологиялық бақылау және мониторинг бойынша шынайы уақыт режиімінде (онлайн) алынған деректердің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органның ақпараттық онлайн-байланысы арқылы шынайы уақыт режимінде деректерді таратуды жүзеге асыратын І категориядағы объектілерде Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша міндеттемелерді енгізу.
Метеорологиялық мониторинг саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға ескертпе тәртібін енгізу
Осыған дейін: республикада осы жұмыстар мен қызметтердің жалғыз жеткізушісі ретінде ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің құзыреті шегінде метеорологиялық мониторинг жүргізу функциялары сақталған.
Күтілетіні: метеорологиялық мониторинг саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға ескертпе тәртібін енгізу (метеорологиялық мониторинг саласын либерализациялау, яғни жеке тұлғаларға аталған қызмет түрін коммерциялық негізде жүргізуге құқық беру, осы ретте қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберу қажеттілігі ескеріледі).
А. Қажиев