- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Заманауи білім беру...
Заманауи білім беру жүйесіне икемді педагог-маман қандай болмақ?
Педагог-маман, яғни, ұстаз заман талабына ілесіп отырған жағдайда ғана ұлт мақсаты орындалып, даму жолында алға баспақ. Өйткені, білікті маман, мықты тұлға тәрбиелеп шығару тікелей осы мамандық иелерінің қолында екені баршаға аян. Ал, оған сай бола білу оңай ма?! Оның салмағы қандай?
Осы орайда мемлекеттің кадрлар дайындау саясатының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті интеллектуалды және кәсіби ресурстарды құруды басты мақсатқа алады.
Мұғалім – ең қажетті, ең маңызды мамандық. "Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау" деп бекер айтылмаған. Ол бір ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған ұлы тұлға. Ұстаз көрмеген адам алысқа бара алмайды. Қазақстандықтардың сапалы білімінсіз ұлтымыз, еліміз биік шыңнан көріньек емес.
Осыны анық білетін Елбасымыз ұсынған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысуға орай психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны мен технологиялары туралы мәселе өзекті бола түсті. Ал, осы мәселенің әдістемелік шешімдерінің бірі құзыреттілік тәсілдеме болып табылады. Оған сәйкес кәсіптік оқыту бағдарламалары жасалды. Олардың мақсаты мұғалім мен мектеп психологының кәсіби және жеке құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Жаһандану кезеңінің заманауи оқу бағдарламасын жүзеге асыруға қабілетті мамандар кәсіби әрі жоғары деңгейде жұмыс істей білу және одан әрі кәсіби даму, бірлескен (ұжымдық, топтық) кәсіби қызметпен айналысу, білім беру үдерісін басқару бойынша қабылданған кәсіби қарым-қатынас техникасын пайдалану, білім беру ісіндегі кәсіби білім дағдыларын дамыту мен білім беру ісіндегі мақсаттарды қоюға қызығушылық таныта білу, білім беру ісінде шығармашылықты дамытуға ынталандыру, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдану мүмкіндігін толыққанды пайдалану сынды құзіреттіліктерге бар ынтасымен жауап бере алуы тиіс.
Бұл дегеніміз, Қазақстанды болашаққа бастайтын ұрпақ қалыптастыруға қауқарлы мамандар, яғни, педагогтар рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы шарт.
Білім жүйесіндегі әр қадамды дұрыс жүзеге асыру жолында әр мұғалім қызметінің мақсатты түрде жүргізілуі өзінің оң нәтижесін көрсетеді.
Заман талабына сай тұлға қалыптастырып шығару үшін ұстаз білім беру саласының негізгі және объективті міндеттерді ескере отырып, нақты білім беру үдерісінің мақсаттарын құрастыруға (нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған оқыту үдерісі мақсаттарын қалыптастыру), оқу үдерісін білім беру стандартының талаптарына сәйкес және оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағыттай отырып жобалауға, оқу материалдарын дайындау және оқу мақсаттарына сәйкес ұйымдастыруға, оқу үрдісін жобалау және практикалық іске асыру үшін ақпараттық орта әлеуетін пайдалануға, оқушының оқу материалын меңгеруіне бағытталған белсенділігін реттеуге, оқушылардың озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасауға (даму аймағына қол жеткізу), құзыреттілік түрінде жекелеген нәтижелерге жетудің оң эмоцияларын ынталандыратын психологиялық жайлылық пен қолдау атмосферасын құруға, өз білімін пайдалануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі тануға қол жеткізу үшін, субъективті тәжірибе алу үшін оқушылардың білім кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін іздеуге, ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды қадағалауға барынша талпынуы керек.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Қорыта келе, заманауи білім беру жүйесіне икемді педагог-маман қандай болмақ?
Мұндай маман, ең алдымен, тек «білікті адам» болуды ғана көздемеуі шарт. Себебі, тәрбиесіз білім аса қауіпті екенін тарихи тәжірибе көрсетіп келеді. Ендігіде ұстаз әр оқушыдан «мәдениетті адам» жасауға тырысуы керек. Білімі терең, тәрбиесі күшті тұлға ғана елдің жалауын желбіретпек. Білім беру жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет ететінін әр ұстаз ұғынуы ел алдындағы, болашақ алдындағы жүк әрі аманат.
А. Оралқызы