- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Вокалдық ән айту...
Вокалдық ән айту қабілетін жетілдіру
Балалардың вокалды ән орындау қабілеттерін жетілдірудегі негізгі бөлімдер:
1.Вокалды қойылым
Мектепке дейінгі баланы ән айтуға үйреткенде ең бірінші дұрыс отыруына, бастың тұлғасын дұрыс ұстануына, ауыз қуысының дұрыс ашылуына көңіл бөлемін.
Дұрыс отыру қалпын сақтасақ, балалардың дем алу диаграммасы дамиды. Ән айтқанда ерінді сәл жымия ұстану керек. Әнді жаттау кезеңінде отырғызып жаттаған дұрыс. Басты тік ұстап, мойнын созбай еш кедергісіз отырамыз. Ән орындағанда ……..
Жатталған әндерді тұрып орындаған абзал. Тұрып ән салғанда балалар екі қолын жанына қойып, басын түзу ұстайды. Екі қолды беліне қойып ән айтуға болмайды.
Вокалды қойылым бұл ашық, таза, еш кедергісіз, мәнерлі ән орындау үшін, дұрыс қалыпты сақтау.
2. Дыбыс құрау
Балалар өзіндік жоғары, ашық дауыспен ән шырқайды. Әнді айғайсыз, қысылмай орындауы керек. Дұрыс дыбыс шығару үшін дауыс аппаратымен өте нақты жұмыс жасалуы тиіс. Олар: астыңғы жақ пен ерін, жұмсақ кішкене тіл.
Әр балаға өзінің қалыпты ашық дауысымен ән орындап, айғайсыз, соза ән орындауға үйретемін. Ән айту кезінде астыңғы жақты түсіріп, ауызды толық ашу керек. Дыбыстың дұрыс шығуына кішкентай тілдің жұмсақ төбесі көмектеседі.
Дыбыс құрауда В.В Емельяновтың артикуляцилық жаттығуларын ойын түрінде ұйымдастырамын.
Мысалы: Орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін,ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? (иіскеу)
Тілмен жаттығу (тілдің ұшын тістеу,тілді оң және сол жақ тістермен кезек басу, тілді таңдайға тигізу, тілді алға созу, тіл астын көрсету.т.б
Ерінмен жаттығу (еріннің үстін және астын тістеу,ерінді алға бүрістіру, көңілді кейіпке ену,астыңғы ерінді түсіру- көңілсіз кейіпке ену.тб
Артикуляциялық жаттығулар балаларға өте қызықты және түсінікті.
Артикуляциялық жаттығулардан соң, интонация-фонетикалық жаттығуларды орындаймыз.
Бұл жаттығу әсіресе, балалардың тіл шорқақтығын жойып, дауысты дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта алуына көмектеседі.
Дауысты дыбыстарды әндеткенде келесі дауысты дыбысқа кедергісіз, жайлы әндете қосылуы тиіс.(уууаааооо). Сонымен қатар (у) жиі қолданылуы тиіс.
3.Дикция
Дикция — бұл берілген шығарманың әрбір сөзінің анық, мәнерлі дыбысталуы.Ән орындауда бұл бір үлкен орын алады.
Сөйлеу тілімен ән айтудағы дикцияның айырмасы өте зор. Дикцияның дұрыс болуы үшін, қысқа, ұзақ дыбысталу ән қайырымдарын орындаймыз. Көптеген ғалымдар әннің әрбір сөзінің әуенге үйлесімді, дұрыс орындалуында дикцияның орны ерекше екенін атап өткен. 20 ғасырда Гарсиа Мануэль Родригес дикцияны дұрыс сақтаудың жолдары әрбір дауысты дыбысты ашық айту дей келе, дауыссыз дыбыстарды баяу, нәзік орындау керектігін айтқан.
Дауыстың дұрыс орындалу әдісінің негізін салушы Михаил Иванович Глинко: әнді дұрыс орындауға үйретудің тиімді жолы нота дыбыстары деген.
Сонымен қатар, әнді дұрыс дикциямен орындауда әр халықтың өзіне тән тілдегі заңдылықтары да ескеріледі. Олар: екпінді дұрыс қою, орфоэпия (дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы) және ойдың тиянақтылығын жеткізе білу ерекшеліктері.
Мысалы:
Тоқ- тоқ,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Тоқылдайды тоқылдақ,
Тоқ-тоқ-тоқ.
Ахау,егигай,
Ән сал бозторғай,
Біз әніңді үйреніп,
Күнде ән сап жүрейік.
4.Дұрыс дем алу
Музыкалық сабақтарда дем алу жаттығулары жүргізілмейді. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді.
Мысалы:
Біз көңілді балалармыз,
Бір орында тұрмаймыз.
Ля-ля-ля. 2-рет
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы жайлы, әрі асықпай орындалуы керек.
Біз сабырлы балалармыз,
Біз апайды тыңдаймыз.
Ля-ля-ля.
5.Интонация тазалығы.
Әрбір адамның есту сезімінен басқа, музыкалық қабілеттің болуы міндетті.
Музыкалық есту қабілеті, ол әр дыбысты дұрыс қабылдау, жоғары, төмен дыбыстарды ажыратуы, естуі, әуенді есте сақтауы. Музыкалық есту қабілетін сақтау және дамыту керек.
Вокалдық жаттығулардың түрлері жеңіл, түсінікті, әрі қысқа болуы керек (га-га, ду-ду, ко-ко, ля-ля) буындармен аяқталуы өте маңызды. Интонация тазалығын дамыту үшін ең алдымен баланың жас ерекшелігіне сай дем алуға оңай, баланың дауыс диапазонына лайық ән таңдалып алынады.
Лағым
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым,
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Тырналар
Аспан ашық, дала кең,
Кел, қоныңдар тырналар.
Мен сендерге жем берем,
Дос болайық, тырналар
Трау-трау-трау-трау!
Аралар
Арамыз, біз арамыз,
Әнге салып барамыз.
Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
Қызыл, жасыл гүлдерден,
Балды сорып аламыз.
Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
Көкек
Ағашта биік,
Бір құсты көрдік.
Сайрайды сол құс,
Сайрайды талмай.
Кө-кек,кө-кек,
Аты оның содан,
Атанған кө-кек.
Ән орындау
Балалардың музыкалық қабілетін дамытуда ән орындау ерекше орын алады. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесін дамытушы құрал — ән орындау. Ән орындау балалардың жанына жақын, әрі тиімді. Баланың ән орындау қабілетінің даму табиғатын, дауысы мен есту сезімін зерттеген Николай Афанасевич Метлов өз еңбегінде балаларға вокалдық жаттығулардың, көрнекі ойын құралдарын, халық әндерін, түрлі дауыс дыбыстарына байланысты қысқа ән қайырымдарын қолдана отырып, үлкен жетістікке жеткен. Өз еңбегінде ең алдымен балалардың ынтасын музыкалық метроритмді қабылдауына көңіл аударған. Әнді қабылдаудың тиімді жолы шапалақпен, саусақ басын тигізіп, тізені соғып, аяқ топылдатып әуеннің ырғағын соғу тиімді деп тұжырымдаған. Вокалды ән орындау бөлімінде кеңінен пайдаланатын әдістердің бірі «Іштей әндету»
Бұл әдіс балалардың әуенді іштей сезініп, зейінін тұрақтандыруға көмектеседі.
Сондықтан, өз тәжірбиемде ұлттық ән орындау ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың дауысымен есту қабілеттерін дамытуға арналған қысқа ән жаттығуларын топтастырдым.
Ән орындау арқылы балалар ішкі ой-күйзелісіне түсіп, әннің әуеніне сай, қиялы, сезімі дамиды.
Әнді орындаушыдан әннің әуенін естігеннен гөрі, дауыс әуенін естіген өте тиімді. Балалар бірден дауыс әуенінен әнді қабылдап, ой түйсігінде сақтайды.
Адамның дауыс құралы өзінше бір күрделі жүйе. Дем алу жолдары – дауыс құралының бір бөлшегі болып табылады.
Олар өкпе, дауыс дірілін көрсететін дауыс шымылдығы, жақтың ашылу, жабылу бұлшық еттері, барлық дауыс шығару құралдары бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ән орындау кезінде осы аталған дауыс құралдары жұмыс жасап тұрады. Баланың дауыс құралдары, ересек адамдарға қарағанда, әлдеқайда нәзік және үнемі даму үстінде болады. Сондықтанда, үнемі әдемі, нәзік бала дауысына қорғаныш керек.
Осыған орай, мектепке дейінгі балаларды вокалды ән орындау ерекшеліктеріне үйретіп, қазіргі заман талабына сай, дауысы ашық, кішкентай жұлдызшаларды музыкалық тәрбиеге баулып жүрмін.