Ұлттық олимпиада туралы не білеміз?

Ұлттық олимпиада туралы не білеміз?
Фото: google.com

Астанада мектеп оқушылары арасындағы инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасына жобаларды қабылдау жалғасып жатыр. Назарларыңызға осы олимпиада жайында және оған қалай қатысуға болатындығы туралы 10 кеңесті назарларыңызға ұсынамыз.


1. Олимпиаданы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырып отыр;

2. Еліміздің жас таланттарын анықтайтын жобаға Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Бахтияр Артаев, ZeroToOneLabs.com студиясының негізін салушы Арман Сүлейменов, «I2BF Global» компаниясының құрылтайшысы, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының серіктесі Әділ Нұрғожин қолдау білдірді;

3. Олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады;

4. Қатысушылар «Жасыл энергетика», «ІТ», «Модельдеу және робототехника», «Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар» атты тақырыптық бағыттар бойынша бақтарын сынауына мүмкіндіктері бар;

5. Оқушылар жұмыстарын өздері дербес немесе ұстаздарының жетекшілігімен де ұсынуына болады;

6. Қатысушылар өз жұмыстарын olympiad.kz2050.kz сайтына жолдауы тиіс;

7. Сарапшылар тобына оқушылар өз жұмыстарын 2017 жылы 15 қазанға дейін ұсынуы тиіс;

8. Жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары беріліп, кубок тапсырылады;

9. Марапатталған жұмыстар  одан әрі дамыту және коммерцияландыру үшін менторларға ұсынылады;

10. Олимпиадаға қашаннан бастап қатысуға болады?

Жауабы: Дәл қазір сіз жоғарыда көрсетілген сайтқа жұмыстарыңызды жіберіп, қатысушылардың қатарына қосыла аласыз. 

Г. Берік