- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- ҰБТ алдында ата-аналарға...
ҰБТ алдында ата-аналарға кеңес
Тұлпарын бәйгеге қосқанда тақымын қысып отыратын жан секілді ҰБТ алдында оқушылармен бірге олардың әке-шешесі де уайымдайды. Себебі әр ата-ана баласына қорқынышты қалай жеңудің жолын іздестірумен мазасызданады. Балаларыңызға сынаққа белсенді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз.
− Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Ешқашан өзгелермен салыстыра сынап, ұрыспаңыз.
− Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыз. Бөгет жасамауға тырысыңыз.
− Тест тапсырмаларын орындауда балаңызға уақытты тиімді пайдалануды үйретіңіз.
− Балаңызды өзгелермен салыстырмаңыз. Керісінше, мадақтап, өз-өзіне деген сенімін жоғарылатыңыз.
− Балаңыздың ішетін тағамына баса мән беріңіз. Есте сақтау қабілетін жақсартатын балық, ірімшік, жаңғақ және өрік секілді тағамдар мен жеміс-жидектер беріңіз.
− Балаңыздың ұйқысын қадағалаңыз. Өйткені, ұйқы да баланың дайындығына әсерін тигізеді.
О. Сансызбай