Ирландия жазушысы, драматург Бернард Шоудың уайым мен жалқаулық жайында жазған қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Әлем жұмыс жасамай көп ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай жұмыс жасағысы келетін ақымақтардан тұрады.
2. Көкте құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік, енді жерде адам секілді өмір сүруді үйрену қалды.
3. Өшпенділік – қорқақтың үрейінен туған кек.
4. Өзіміз қол жеткізбеген байлықты пайдалануға құқымыз жоқ.
5. Ең жақсы күйеу – өз жарын ең жақсы деп есептейтін адам.
6. Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат алу – ұлы қабілет.
7. Ақкөңіл болу қауіпті емес, бірақ, оның үстіне ақымақ болсаңыз...
8. Ештеңеге сенбейтін кісі бәрінен қорқады.
9. Жақын адамдарыңа қарым қатынастағы үлкен күнә – жек көру емес, оларға мән бермеу, бұл айуандықтың шыңы.
10. Әйелдер өзін кіммен алмастыра алатынымызды бізден бұрын біліп қояды.
11. Қолынан келетін кісі әрекет етеді, қолынан келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады.
12. Жақсы көретін нәрсеңізді алып қалуға тырысыңыз, әйтпесе, қолдағы барыңызды жақсы көріп жүре беруге тура келеді.
13. Егер менде де, сізде де алма болып, оны алмастырсақ, әрқайсысымызда бір-бір алмадан болады. Ал менде де, сізде де идея болып, оны бөліссек, екеумізде де екі идея болады.
14. Адам кірпіш секілді. Отқа жанған сайын, мықтылығы арта түседі.