Тайланд оқушылары өз күндерін қалай бастайды?

Тайланд оқушылары өз күндерін қалай бастайды?
Фото: ОПТИМИСТ

Тайландтағы мектеп оқушылары сабақ алдында дәл осындай арнайы ритуалды жасайды. Көптеген мемлекеттерде мектепке келген оқушылар сабақ уақытын әнұранды орындау арқылы бастайтынын білеміз. Ал Қытай елінде сабақ басталар алдында оқушылар 15 минут бойы физикалық жаттығулар жасайды, Өзбекстан мен еліміздің кейбір мектеп оқушылары әнұран орындайды. Ал Тай елінің оқушылары бір-біріне деген ыстық ықыластарын білдіру үшін құшақтасу, қол алысу арқылы құрмет көрсетеді. Мамандардың айтуынша, бұл дәстүр оқушылардың бір-біріне деген түсіністігін, ықыластылығын, ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын арттырады екен. Бұл – баланың қамқорлық пен қайырымдылық тәрізді адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

М. Ақан