Тәуелсіздік күні. Ән-би байқауы.

Шараның мақсаты:

1. Оқушылардық патриоттық сезімін ояту. Өз ана тілінің құдіреттілігін таныту.

2. Қазақ композиторларының әндерін нақышына келтіріп, әуенін, ырғағын көркемдеп жеткізуге баулу.

3. Оқушыларды туған жерін, туған елін, туған тілін сүюге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар, қадірлі ұстаздар және өнер сүйер қауым. Бүгінгі дәстүрлі «Елім менің» патриоттық ән-би кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Жанарымда шуақ нұр,
Шарықтайды шат әнім.
Бақыт қонған тұрақ бұл –
Шұғылалы Отаным. Ән-би кешімізге әділ баға беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Әділқазы алқасын таныстыру
Ендігі  кезекте кешімізді ашатын:

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:
Сүйем күннің шапағын,
Жанарымда мол шуақ,
Сондықтан да шат әнім
Елім менің – Күн шуақ, - дей келе кішкене бүлдіршіндерді әсем әнімен  ортаға шақырайық.
Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далаға жылап келіп уанғам, 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам. 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Келесі кезекте:

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

"Елің үшін отқа түс күймейсің" дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес! Ендігі кезекте:

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Қазақ аты береке-бірлік дер ем, 
Қазақ осы бірлікті тірлік деген, 
Сахараға бүгінде шықты қазақ, 
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен, - дей келе сахнаға он саусағы майысқан бишілерімізді шақырамыз.

Би. «_________»

Ән. «_________» 

2-жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Куанғанда күлкімнен түн түрілген 

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Біздің қазақ халқы туған жер қадірін жас ұрпақтың санасына бала кезінен-ақ сіңіруге күш жұмсаған. Мұны туған жер жайлы мақал-мәтелдер, аңыздар мен батырлық жырлар, әсем әуезді әндерден көреміз. Осындай әндердің бірі:

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда 
Құлшылық етемін тұрғанға, 
Құлшылық етемін құмдарға, 
Тағзым жасаймын қырларға! 
Шүкірлік етемін қашан да 
Осы бір Отанда тұрғанға! 

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, 
Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер. 
Жастық – алтын, қайтып келмес күнiмде 
Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер. 

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Туған жер көркін сыңсыған 
Көзіммен көрдім сүйсініп. 
Тентектеу жел де тыншыған, 
Далаға байтақ нұр сіңіп.

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

Алтын бесік, туған жер, далам менің, 
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім. 
Сырлы сазын жүректің төгейін деп, 
Сағынышты сан жылғы ала келдім.

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Талайлы тағдыр, тәнтімін саған, 
Осындай Отан сыйладың маған. 
Осында туып, осында өскен
Әулие әжем, баһадүр бабам.

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ән. «_________»

Би. «_________»

1-жүргізуші:

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. 
Намысын ешкімге қолынан бермеген. 
Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Ән. «_________»

Би. «_________»

2-жүргізуші:

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Ендігі сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

1-жүргізуші: Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Осымен бүгінгі «Елім менің» патриоттық ән-би кеші өз мәресіне жетті. Келіп тамашаланғандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!