Күйзелісі әдетте ұзақ мерзімге созылады. Ол күйзеліс отбасындағы жоқшылықпен, аурумен, жауапсыз махаббатпен, тоқсандық қорытындымен байланысты болады. Бұдан өзге жақын адамынан айырылу, жәбірлену сынды жағдайлар болуы мүмкін.
Егер өз−өзіне қол жұмсауға қолайлы жағдай туып тұрса, жағдайдың барынша қиындағаны. Ал мұндай жағдайда қалай көмектесеміз?
♦ Сіздің ойыңызша, қиындыққа тап болған адамның жан айғайын тыңдау керек. Яғни оның сөздеріне құлақ асыңыз. Қорқыныштары мен қиындықтары туралы ол сізге айтып берсін. Оған бірден сын мен ақыл айтпастан, өзіңіз үшін қаншалықты маңызды екенін айтыңыз.
♦ Мәселенің өзге шешімін іздестіріп көріңіз. Оны психолог маманға баруға көндіріңіз. Себебі, психологтар адам мінезіне сай әрекет жасай алады. Қандай жағдай болмасын, үнемі оның жанында болып, уақытты созуға тырысыңыз. Осы созылған уақыт ішінде мамандар көмектесіп үлгереді.
♦ Ал егер суицид туралы өзіңіз ойлап жүрген болсаңыз, өмірмен қош айтысуға асықпаңыз. Қиындықтар әп-сәтте өзгеріп, күйзелістің алдын аласыз. Бұл материалды оқып отырған болсаңыз, ойыңыздан бас тартуға жақын болғаныңыз. Өмірдің екі мәрте берілмейтін ерекше сый екенін ұмытпаңыз!
Сурет: вк желісінен