Беделді де, сапалы білім бере алатын ЖОО-ға түскіңіз келсе, жалақысы жоғары қызметке орналасқыңыз келсе, осы сәттен бастап үздік оқуыңыз керек. Ал үздік оқушылардың қатарына қосылғыңыз келсе, төмендегі бірнеше ережені ескеріңіз.
♦ Күнтізбе немесе күнделік бастаңыз. Күнделікті жасалуы тиіс жұмыстардың тізімін жасап, күнтізбені қабырғаға ілуге немесе күнделікті үнемі өзіңізбен бірге алып жүруіңізге болады. Қайсысын таңдайтыныңыз өз еркіңізде. Қандай іспен айналыссаңыз да, мұның барлығы уақытты үнемдеуге көмектеседі.
♦ Тоқсан басталмас бұрын бақылау, диктант жұмыстарының қай кезде болатындығын қағазға жазып қойыңыз. Бұл барлық пәнге қатысты айтылып жатыр.
♦ Күнде үйге келісімен жақын күндерде қандай жұмыстарды атқаруыңыз керектігін күнтізбеге белгілеп отырыңыз. Және жасағандарыңызды шетінен сызып тастаңыз.
♦ Сабақ оқитын үстеліңіз бен сөмкеңізді ретке келтіріңіз. Күнделікті қолданатын заттарыңызды реттеп, қажетсізін қоқысқа тастаңыз. Сөзіме сенбейтін шығарсыз. Бірақ, бос кеңістік ойымызды жинақтауға септігін тигізеді. Сол себепті аптасына бір рет тазалық жасап отыру артықтық етпейді. Бұған бірнеше минутыңыз ғана кетеді.
♦ Заттарды өз орнына қойып отырсаңыз, оларды еш уақытта жоғалтпайсыз. Артық қағаз бен қоқыс сөмкеңізден қажет затты табуға кедергі жасайды.
♦ Кесте жасаңыз. Сіздің бір аптаға немесе айға арналған кестеңіз болады. Осы кестеге қарап үй тапсырмасын қалай орындайтындығыңызды анықтап отырасыз. Қай пәнге қанша уақыт кететінін де білетін боласыз.
♦ Қиын пәнге көп уақыт бөліңіз. Мысалы, дене шынықтыру сабағына физикадағыдай уақыт бөлудің қажеті жоқ.
♦ Сабақ кестеңіздің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Ақпаратты қалай қабылдайсыз? Мұны әркім түрліше жүзеге асырады. Мысалы, бірі – дене түйсігі арқылы сезінсе, екіншілері – көзбен көргенді есте сақтайды, ал үшіншілері – есту арқылы ақпаратты дұрыс қабылдайды. Мұнымен қатар, барлық тәсілді қатар пайдаланатын адамдар да бар. Ұстазыңыздың айтқандарынан еш нәрсе есіңізде қалмаған болса, бар болғаны сабақ барысында басқа іспен айналысқан боларсыз.
Ақпаратты қалай дұрыс қабылдай алатыныңызды білген соң іске кірісіңіз. Көргеніңізді есте жақсы сақтасаңыз, конспект оқыңыз. Есту қабілетіңіз жақсы болса, ұстаздың сөзін диктофонға жазып алыңыз. Ал егер сипап сезу арқылы қабылдасаңыз, ойыңызды ұстап көретіндей затқа айналдырыңыз.
Оқи отырыңыз:
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды?
Мектепке бармасақ не болады?
Сабақты жаттап айту - зиян
Жасөспірімдерге кеңес: Адам күні адаммен
Сурет: Ерасыл Мирасбектің жеке архивінен