- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Сынып старостасы болған...
Сынып старостасы болған дұрыс па?
Болсам ба, болмасам ба? Бұл – мәңгілік сұрақ. Өмірде кім болатындығын әркім өзі ғана шешеді. Осы секілді сынып старостасы болған дұрыс па, әлде қарапайым оқушылардың қатарында жүре берген жөн бе? «Сынып старостасы деген кім? Оның қызметі қандай? Бойында қандай қасиеттері болу керек? Және ең бастысы староста болудың пайдасы бар ма?» сынды сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
1. Ол кім?
Старостаны сынып оқушылары мен ұстаз біріге отырып таңдайды. Ол - сабағын жақсы оқитын оқушы. Ең бастысы барлық мұғаліммен жақсы қарым-қатынастағы, ешкіммен ұрыспайтын, шешімді жылдам қабылдайтын болғаны жөн.
2. Қызметі қандай?
Ол кез келген тапсырма мен мәселені ең қысқа мерзімде шешіп білуі тиіс. Мұнымен қатар әрбір қойылған сұраққа жауабы да дайын тұрады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады. Сыныптың ішінде кімге сенім артуға болатындығын да жақсы біледі.
3. Не үшін керек?
Жоғарыда айтқанымыздай, сыныптастар арасында болатын мерекелік кештерді, жиындарды, жарыстарды ұйымдастырады. Кабинеттің кілтін алу, мұғалімдерден баға сұрау, меңгерушілермен жақсы қарым-қатынас жасау дегенде алдына жан салмайды. Әдетте сыныпқа кім келмегенін, не үшін келмегенін, күнделіктерінің толуын, онда ата-анасының қолы болуын қадағалайды.
4. Қаржы мәселесін реттейді
Яғни қор ақшасын жинайды. Уақыт қызықты өту үшін киноға бару, көкке шығу секілді шараларды ұйымдастырады.
5. Қандай қасиеттері бар?
1) Басқалар білмейтін сұрақтарға жауабы дайын;
2) Оған тәулігіне 24 сағат хабарласа беруге болады;
3) Кез келген кикілжіңді түзетеді;
4) Күйзеліске төтеп бере алады;
5) Мұғалімдердің сөзін оқушыларға жеткізіп отырады. Яғни арасында байланыс орнатады;
6. Ал мұның барлығын не үшін жасайды?
1) Жаңа дүниелерді білуге құмар болғандықтан;
2) Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін;
3) Сыныптың татулығын қамтамасыз етеді;
4) Өзіне қызық болғандықтан.
7. Қорытынды ретінде
Әрине болу, болмау мәселесін тек өзіңіз ғана шешесіз. Алайда Абай атамыз айтқандай, болмасақ та, ұқсап бағудың пайдасы зор. Тек бас пайдасын ғана ойламай, сыныбы үшін жүгіретін жан болашақта өз елін алға жетелейтіні анық.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай