- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Сурет салудың оңай...
Сурет салудың оңай тәсілі
Фото:
vk.com
Сурет өнері жүйкені тынышталдырып, тынықтырары сөзсіз. Қолыңыз бос уақытта көркем өнермен айналысу сіздің рухани баюыңызға көмектеседі. Мәселен, мынадай суретті сіз де сала аласыз.
Алдымен парақты қою көк, қою жасыл және сары түсті бояулармен суреттегідей етіп бояймыз.
Содан соң, барлық түсті бір қалыппен ақ бояумен "біріктіреміз".
Суреттегідей парақты тұтас бояп шығамыз. Сырт қарағанда парағымыз көк шөп секілді болуы керек.
Содан кейін қылқаламмен қызғалдақ секілді етіп қызыл түсті бояқты жағамыз.
Гүліміздің түсін табу үшін ақ түсті бояқты да пайдаланымыз.
Кейін қызғалдақтың сабағын жіп-жіңішке қылып бейнелейміз.
Содан соң, әдемі көбелекті қызғалдағыңызға қондырсаңыз болады. Мінекей, әдемі шағын пейзажымыз дайын.
Г. Берік