Соңғы қоңырау мен ҰБТ маусым айында өтеді

Соңғы қоңырау мен ҰБТ маусым айында өтеді
Фото: massaget.kz

Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің баспасөз қызметінде өткен брфингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, биыл мектептерде соңғы қоңырау 3-4 маусым күні соғылады.

"Жыл соңына дейін (оқу жылы - авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студенті қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек. ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтеді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі карантин режиміне қатысты мәлімде жасады. Онда Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы "ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін" деп айтқан.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша 5 138 адам коронавирус жұқтырған. 31 адам қайтыс болған. 

Massaget