- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Семейлік оқушы «Қара...
Семейлік оқушы «Қара жорға» билейтін құлтемір жасады
«Қара жорға» болмаса, бидің сәні келе ме?» Мұны құлтемірлер де түйсіне бастаған сияқты. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев пен ұстазы Бақытбек Нұрлыбекұлы арнайы бағдарлама жасап, роботтарды буын биіне икемдеген.
«Осылайша қазақтың ұлттық өнерін ұлықтағымыз келді», – дейді авторлар. Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Бағдарламасы тез жасалғанмен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты. «Дегенмен талмай ізденіп, табандылық көрсеткенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді Әділ.
«Әділ Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде, әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын», – деп жалғастырды ойын жас құрастырушы.
Дереккөз: baq.kz
Г. Берік