Сегіз шеңбердің бірін таңдаңыз (графикалық тест)

Мына 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.

Интерпритациясы:

Алғашқы үш шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін жоғары бағалайды.

Ең соңғы үш шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін төмен бағалайды.

Ортасындағы екеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.

Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, мұғалім мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта елінің мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі кәсіби жағынан қажетті және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және мекемелерде өткізулеріне болады.

Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады, кіші зертханалық топтарда өткізіледі.

alashainasy.kz