Бұл тұжырым ғылыми дәлелденген. Сан-Диего университетінің мамандары сәбилердің себепсіз күлмейтінін анықтаған. Олар ата-анасы күліп жауап қатуы үшін әдейі күледі екен.
Тәжірибеге төрт айлық сәбиі бар 30 ана және сәби секілді қуыршақ-роботтар мен еріктілер қатысқан. Ғалымдардың басты мақсаты сәбилердің не үшін күлетінін анықтау болған.
Зерттеу қорытындысы ғалымдарды таңғалдырған. «Сәби – адамды алдаудағы кәсіби маман» дейді олар. Ата-анасының жабырқау қабағын көрсе, күліп, оларды күлдіруге тырысады екен, ал егер ата-анасы жайдары болса, балақайлар одан сайын жымиып, жымиысы күлкіге ұласады екен. Күлкі сыйлаудың кішкентай "мамандары" қай кезде назар аудару керегін біліп жататын көрінеді.
Бұл қорытындыдан басқа да бір қызық дерек табылған. Зерттеу барысында сәбилердің тектен-тек, ата-анасына деген махаббаттан күлмейтінін анықтаған. Сәбилер күлген соң, өзіне дәл сондай жауап күтеді екен. Ана мен сәбидің арасындағы стратегия екі түрлі болып шықты. Егер ана "балам көп көңіл бөлінсінші" десе, сәбилер "ата-анам маған ұзақ күлімдесінші" деген ой байқалған. Ата-анасы күлімдесе және ұзақ күлімдесе, сәби мақсатының орындалғаны.