Біздің ата-анамыз оқыған заманда сабақ оқуға мүмкіндік көп бола бермейтін. Өйткені таңертең тұрып анасына сиыр саууға, әкесіне малды қорадан шығаруға көмектесетін. Ал қолдары босаған кезде сабақ оқиын десе, шамды үнемдеу мәселесі тұратын. Осының салдарынан қала балалары ғана білім алуға мүмкіндік алатын. Ал қазір жағдай қандай? Қалада да, ауылда да жарық, су, газ бар. Іздегеніңіз тілемей-ақ табылып жатады. Бірақ балалардың не себепті сабақ оқымайтыны әлі де түсініксіз.
1. Олар білімнің маңызын түсінбейді? Бұрын оқыған азамат пен оқымаған жанның айырмашылығы жер мен көктей болатын. Әке-шешеміз оқыған заманда білім алу жұмыс істеумен бірдей болып, екеуін қатар алып жүру мүмкін емес еді. Оқушылар қара жұмыстан ой еңбегін артық көретін. Жұрттан ақылыммен артылсам деп армандайтын. Ал бүгінгі жағдай қалай? Өкінішке орай, кей ата-ана заманның әділетсіз екенін айтып, барлығын таныс пен тамыр шешетіндігін, ақшаң болмаса, еш жетістікке жете алмайтыныңды аузына жиі алады. Осының барлығы оқушы жастың санасына едәуір әсер етеді.
2. Ата-ана көзқарасының әсері. Бала ата-анасының аузынан жоғарыдағыдай сөздер естіген соң, болашағының жарқын болатынына өзі де сенуден бас тартады. Еңбек пен жемістің арасында байланыс болмаса, хайуанаттар бағындағы маймыл да көрермендер көңілін ауламайды.
3. Жоқшылықта өсудің маңызы. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы отбасында балада барлық нәрсе болуы тиіс деген қағида қалыптасқан. Оларды шектен тыс еркелетіп, соңғы үлгідегі телефон, компьютер, дайын ойындар сатып алып береміз. Жоқшылықта өскен бала құрастырушыға айналады. Ағаштан, темір-терсектен, бөтелкенің қақпағынан, керек десеңіз, матадан түрлі ойыншықтар ойлап табады. Ал жаңа технология баланы еңбексіз нәтижеге қол жеткізуге болатындығына сендіреді. Осының салдарынан оқушы ой еңбегін бағаламайды. Ата-анасы өмір бойы барлығымен қамтамасыз етіп отырады деп ойлады.
4. Олар біздер ойнаған ойынды ойнамайды. Құрбыларымызбен қуыршақ ойнап, түрлі киім тігетініміз естеріңізде ме? Ал бөтелкеге су толытырып алып, су шашып ойнайтынымыз ше? Мұнымен қатар, балабақшаға барған бала қоғамға ерте сіңісіп, өзгелердің пікірімен санасуға жастайынан дағдыланады. Осының әсерінен мектепке барған кезде өзге оқушылармен тез тіл табысады. Ал қазіргі оқушылар үшін мектеп күйзеліске түсумен пара-пар. Олар көпшілік жүрген жерден бойларын аулақ салғысы келеді. Тақтада тұрған кезде белсенді оқушылар сұрақ қоймаса екен деп тілеп тұрады. Мазасызданамын деп пәнді игере алмай қалады.
5. Олар жылдам зерігеді. Қиын тапсырмаларды орындағанды ұнататын балалар бар. Бір сәтке Илья Ильинге бір шелек суды көтеруді ұсынғанымызды елестетіп көріңізші. Біз ұсыныс жасаған спорт шебері өзін ақымақ етіп тұрғандай сезінуі мүмкін. Әрине ақылды оқушылардың көп болғаны жақсы. Жоғарыдағыдай жағдай болмас үшін, тапсырманы қиындата түскеніміз жөн. Әйтпесе мұндай оқушылар сабақ оқудан бас тартады.
6. Ата-анамыз асыра сілтеп жібереді. Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне демекші, олар бізді қандай болсақ та жақсы көреді. Үнемі біздің қалауымызды орындап, жеңіске жетсек, төбесі көкке жетеді. Тіпті лайық болмасақ та, асырып мақтайтын кездері болады. «Көресіңдер, менің балам бастық болады!» деген сөздерді сіз де естіген шығарсыз? Есіңізде болсын! Оқыған азамат қана ел басқарып, қиын ситуацияда дұрыс шешім қабылдайды.
Ал Сіз ше? Сабақты жақсы оқып жүрсіз бе?
Сурет: ©Айсұлу Тойшыбекова