- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Сабақ оқуға не...
Сабақ оқуға не кедергі?
Адам өзіне керек уақытты әлдебір бөгде дүниелерге жұмсап жібереді. Ештеңеге алаңдамай, берілген тапсырманы орындау сол үшін де қиын.
Кэл Ньюпорт есімді америкалық ғалым ғылымға «жұмыс тұңғиығы» деген термин енгізген. Оның ойынша, жұмыс тұңғиығы деген – ағартушылық. Ол адам жасай алатын дүниелерді жүзеге асыру үшін үлкен талап пен тұрақты назарды қажет етеді. Сонымен қатар, адамның қабілетін арттырады. Яғни, адам жұмысқа қанша тыңғылықты болса, жұмыс та соншалықты сапалы болады. Егер сіздің жұмысыңыз – сабақ оқу болса, мына жазба сіз үшін.
Қолды не байлайды?
Сабаққа еніп кету ұзақ уақытты талап етеді. Бірақ ғаламтор, әлеуметтік желі дегендер қолыңызды байлап тастайды. Сол себепті сабаққа бірден отыра кету өте қиын. Ғаламтор біздің елде соңғы онжылда дами бастады. Оның болғаны да жақсы. Бірақ адамдарда қажетсіз ақпараттардан қалқан болатын корған – иммунитет жоқ.
Әлеуметтік желілер мен қосымшалар – дүңгіршіктердегі ойын автоматтары секілді. Бір артықшылығы уақытыңызды жейді. Оларды жаңартқан сайын миыңыз артық ақпаратпен «майланып» жатқанын байқамайсыз.
Үйде және көшеде қалай алаңдамауға болады?
– Ұялы телефоныңыздан әлеуметтік желі қосымшасын өшіріп тастаңыз (қолдан келсе).
– Смартфоныңызды кереуеттен алысқа қойыңыз. Ұйықтар алдында мүлдем қолданбағаныңыз дұрыс.
– Қалтаңызға емес, сөмкеге салыңыз: қолыңыз жетпейтін жерге салып қойсаңыз, тіпті жақсы.
Сабақта қалай алаңдамауға болады?
– Телефоныңызды «Үнсіз» режиміне қойыңыз, үстелдің үстінде көрінбейтін жерге жасырыңыз.
– Компьютеріңіздің терезесін толық режимге қойыңыз.
– Пошта, әлеуметтік желілерге таңертеңгілік уақытта тек 30 минут арнаңыз.
– Классикалық әрі заманауи аспаптық әйендерді тыңдаңыз.
Қандай бағдарлама көмектесетінін мына анықтамалыққа өтіп түсінесіз.
Г. Берік