- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Сабақ жоспары: Ж....
Сабақ жоспары: Ж. Аймауытов «Қараторғай»
Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Қараторғай»
Жалпы мақсат: Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп, жалғастырып оқуға үйрету, оқиғаның өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау, яғни көктемде келетін «Қараторғай» қонағымен таныстыру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, қамқоршылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сілтеме:
- Ана тілі пәніне арналған әдістемелік оқулық;
- 4 сыныпқа арналған ана тілі оқулығы.
Оқу нәтижелері: Жүсіпбек Аймауытов пен оның шығармасы туралы толық мағлұмат алу. Топпен жұмыс.
Негізгі идеялар: Түсініп оқу.
Сабақта қолданылатын материалдар: постер қорғау, үлестірмелі материалдар.
Оқыту әдістері:
- диалог;
- жеке жұмыс;
- топтық жұмыс.
Дерек көздері: оқулық, оқушы дәптері.
Тапсырмалар: постер қорғау, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, топпен жұмыс жасау.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сәлемдесу:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Сыныптас біз ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Сыныпты топқа бөлу. (Қызыл, жасыл, көк түсті ленталар арқылы бөлу).
Оқушының іс-әрекеті:
- хормен айтып, сәлемдеседі;
- топқа бөліну;
- топ басшысын сайлау.
Мағынаны тану:
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Шыбық» С. Сарғасқаев
Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады? Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады? Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
Топтық тапсырма:
1-топ: ағаштың пайдасы;
2-топ: еңбек;
3-топ: достық, ынтымақ, еңбек туралы ұққандарын жазып, постер құрайды.
Қорытынды, бағалау.
Балалар, сендер көктемде құстарға қандай көмек көрсетесіңдер? Құстардың көктемде ұшып келуі жайлы фильмнен үзінді көрсету.
Кіріспе. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс.
2. Ой қозғау
Жұмбақ:
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
/қараторғай/
Сабақтың мақсатын хабарлау: Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1889 – 1931 ж.ж.). Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.
Қараторғай туралы не білесіңдер?
Қараторғай туралы слайд көрсету. Оқулықпен жұмыс. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөздерді түсінбей қалды?
Сөздік жұмыс: «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дәптерге көшіріп жазады.
Мәтінді «ЖИГСО» әдісімен оқиды. (10 минут).
1-топ: Әңгімеден қараторғайды суреттеген жерін тауып оқу.
2-топ: Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай.
3-топ: Құстар туралы диалогты тауып оқу.
Топпен жұмыс
Мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап береді, топта жұмыс істейді, бағалайды, шешеді.
Әр топ өз пікірін айтады.
Түсініп, жалғастырып оқиды.
Оқушылардың міндеттері:
- мәтінді өз бетінше оқу, біріге талдау;
- сараптама топтарына барып, әңгіменің қалған бөліктерімен танысу;
- өз топтарына келіп, әңгіме желісімен танысады.
(Қол шапалақтау арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды).
Ой қорыту.
Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
1. «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Есіңе түсір. («Суықторғай» Максим Зверев).
2. Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптеріңе жазып ал. (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).
Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөздерді түсінбей қалды? («Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»). Бұл сөзді сен қалай түсінесің? Атаның қонағы кім болып шықты?
Мәтін мазмұны бойынша сурет салып көр. Сен көктемгі құстардың ұшып келуіне қандай жұмыстар істедің?
Ұққандарын айтады, стикерге жазып, қараторғайдың суретіне жапсырады.
Үйге тапсырма:
1. Мазмұнын айту, суретін салу.
2. Құс ұясын жасау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.
Формативті бағалау
Өзін-өзі өлшемді бағалау, топ басшысының бағалауы.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жаздырту.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай