Педагогиканың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары

Кез келген салада мәселелер болады. Ол адамдардың бірін-бірі түсініспеуінен не үздік ортақ шешім жоқ болғандықтан тууы мүмкін. Мәселе болғасын, оның шешу жолдары да табылады. Тек тыңдайтын құлақ, орындайтын адам болса жеткілікті. 

Педагогиканың өзекті мәселелері: 
– қағазбастылық; 
– жалақы аздығы; 
– жүрек қалауы; 
– тәртіп; 
– тәрбиесіз білім; 
– шетелдену; 
– оқулық жетіспеу 
– мамандық беделі; 

Педагогикадағы ең маңызды мәселелер қатарына қағазбастылықты атасақ болады. Оқытушы шәкіртіне жеткілікті уақыт бөле алмайды, себебі оның сабақ беруден басқа толтыратын қағазы көп. 
Мәселенің шешімі: қағаздарды толтыратын арнайы маман, менеджер болуы. 

Жалақы аздығы 
Кедергілері: 
Еңбегі ұшан-теңіз, өз деңгейінде бағаланбайды. 
Баламен жұмыс істейтін мұғалімнің көңіл күйіне әсер етеді. 
Тұрмыстық қажеттілік қанағаттанбайды. 
Шешімі: Басқа саладан қысқартса да, Қазақстанның болашағын (жастарын) жасап шығаратын тұлғалардың жалақысын көбейту. 

Жүрек қалауы 
Мектепке, жоғары мектепке жұмысқа орналасатындар арасында мынадай типтер кездеседі: 
Грантта оқу үшін амалсыз педагогика мамандығына тапсыру 
Ауылға тұрмысқа шыққан соң шарасыз мектепке қызметке тұру 
Басқа жұмыс табылмаған соң, шарасыздық 
Педагогикалық білімі болмаса да, басқа жолмен жұмысқа орналасу, т.б. 
Шешімі: Баланы шын жақсы көріп, тәрбиелегісі келетін жүрек қалауы болмаса грантқа оқуға да, қызметке де қабылдамау. ЖОО-на шығармашылық емтиханмен қабылдау. 

Тәртіп 
Педагогтар пікіріне сүйенсек, бала тым қатал тәртіп қойылғанда, оған бағынғысы келмеу сезімі өрши түседі екен. 
Шешімі: Мұғалім баламен тіл табыса білу. 

Тәрбиесіз білім 
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» әл-Фараби. 
Бұл аталы сөз де көп педагогтың назарынан тыс қалып отыр. 
Шешімі: сабақтың кемінде 10-15 минутын тәрбие жұмысына, шығармашылыққа арнау. Балаларды өзгеше, креативті ойлауға баулу. 

Шетелдену 
Шетелге шығып келген педагогтер аузынан тастамай айтып жүреді. Шетелдік тәжірибелерді енгізгісі келеді. 
Шешімі: Ділдің (менталитет) сәйкессізідігіне қарай тәжірибені де таңдап талдау. 

Оқулық жетіспеу 
Қанша дамыған заманда өмір сүрсек те, мектеп те де, жоғары мектепте де бұл мәселе алдымыздан шығады 
Шешімі: Қаржыны оқулықты көптеп шығаруға, ескі оқулықтарды қайта басып шығаруға (ЖОО) бөлу 

Мамандық беделі 
Педагог қызметінің аталған барлық мәселесі шешілгенде ғана мамандық беделі көтеріледі.