Өзін-өзі танупәнімен интеграцияланған биология сабағының жоспары Мектеп: О. Жандосов атындағы орта мектепМұғалімдері: Б.Р. Садабаева, О.Б. ҚалиаждароваСынып: 8 әОқушы саны: 18Тақырыбы: Ми бөлімдері. МишықҚұндылық: АқиқатҚасиеттер: өз бойынан ақиқат іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылықты көру. Сабақтың мақсаты: Ми діңінің құрылысы,атқаратын қызметі және олардың ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру; атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін ұғындыра отырып, оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға ми діңінің құрылысы мен атқаратын қызметі, маңызын түсіндіру; 2. Ми діңінің құрылысы жайлы білімді меңгерте отырып, дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, талдауға ой ұшқырлығын дамыту; 3. Оқушыларды өз бойынан ақиқат таба білуге, ойдың, сөздің істің бір болуына, өзін тани білуге тәрбиелеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Алдымен көзбен көреміз. Оны мида сақтаймыз Мидан жұлын қабылдап,Кетеді дене қимылдап. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру. Менен сұрақ,сізден жылдам жауап 1. Орталық жүйке жүйесін не құрайды? а) ми мен жұлын; ә) жұлын және жұлын жүйкелері; б) ми және бас сүйек-ми жүйкелері. 2) Шеткі жүйке жүйесін не құрайды? а) бас сүйек-ми жүйкелері; ә) жұлын мен ми; б) жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары. 3) Жүйке түйіндері неден түзілген? а) аксондардан; ә) нейрон денелерінен; б) жүйкелерден. 4) Жұлынның салмағы қанша грамм? а) 42-45г; ә) 35-39г; б) 31-32г. 5) Жұлынның ұзындығы қанша см? а) 35-39см; ә) 42-45см; б) 43-44см. 6) Жұлын қанша сигменттен тұрады? а) 32; ә) 33; б) 31. 7) Жұлынның атқаратын негізгі қызметі; а) қозғыштық және өткізгіштік; ә) рефлекстік және өткізгіштік; б) қозғыштық ж/е жиырылғыштық. 8) Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді? а) жүйке импульстері; ә)жүйке орталығы; б) жүйке түйіндері. 9)Егер адам аяғының табанында сал ауруының белгісі байқалса, жұлынның қай бөлігі зақымданған болады? а) кеуде бөлігі; ә) сегізкөз бөлігі; б) бел бөлігі. Дұрыс жауабы; 1. Ми мен жұлын 2. Жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары 3. Нейрон денелерінен4. 32-35г 5. 42-45см 6. 31 7. Рефлекстік және өткізгіштік 8. Жүйке орталығы 9. Сегізкөз бөлігі Бағалау Ой қозғау.Жұмбақ Қиын, қиын қиялар, Қияға жұмыртқа ұялар. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, жануарлар мен адамның ең басты айырмашылығы неде? - Сана сезімінде - Дұрыс айтасыңдар, ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбымыз 14 Ми діңінің құрылысы. Мишық (мақсаты мен міндетімен таныстырып кету) Құндылық: Ақиқат Қасиеттері: өз бойынан ақиқат іздеу; ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылықты көру Тапсырма: Постермен жұмыс I-топ. Сілтеме табушылар:Мидың құрылысын талдап, сипаттама беріңдер. II-топ. Баяндамашы: Ми бөлімдерін атап, орналасу ретін көрсетіңдер. III-топ. Ізденуші: Ми бөлімдерінің атқаратын қызметіне талдау жасаңдар. Бағалау Түртіп алу әдісі. Дәптермен жұмыс, жаңа сөздерді, терминдерді жазып алу. Биологиялық диктант1. Ақпаратты қабылдап,өңдеуге қабілетті күрделі мүше........... .............................2. Ересек адам миының орташа салмағы........................... гр.3. Ми организмде түзілген энергияның......... О/О жұмсайды4. Адам миы негізгі үш бөлімнен...............................................................тұрады5. Сопақша ми.............................арқылы ортаңғы ми,аралық ми,үлкен ми сыңарларына қозуды өткізеді6. Жұлынның жалғасы...........................7. ...........................................,нейрондар тіршілігін жояды8. ............................................жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді.9. .......................зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты t реттейді10. Мишықтың ең басты қызметінің бірі............................,......................... Дұрыс жауабы1. Адам миы2. 1300-1400г3. 25 пайызын4. Ми діңінен,мишық ,үлкен ми сыңарынан5. көпір6. Сопақша ми7. Сопақша ми мен көпір зақымданса8. Ортаңғы ми9. Аралық ми10. Қимылды үйлестіру,тепе-теңдікті сақтауБағалау Синквейн әдісі1. Зат есім........2. Сын есім.......3. Етістік......4. Сөйлем....5. Мағыналы сөз.... Голосарий (үш тілде)Үлкен ми сыңары - пара большого мозга - EnsephalonАралық ми - средний мозг - intermediateСопақша ми - овальный мозг - ovalМишық - мозжечок - cerebellum Кері байланыс.Тыныштық сәті Үйге тапсырма Бәрін білгім келеді№14. Ми діңінің құрылысы. Мишық оқу2. Кестені толтыру Іздену жұмысы. Жүйке жүйесінің гигиенасы Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданыО.Жандосов атындағы мектеп-интернат КММбиология пәнінің мұғалімі Бағила Рысбекқызы Садабаеваөзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бақытгүл Орынбекқызы Калиаждарова Жүктеп алу