- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Өз жетістігіңізді жинақтап,...
Өз жетістігіңізді жинақтап, бағалай біліңіз
Кейбір оқушылар өз білгенін жеткізіп айта алмайды, көрсете білмейді, осының нәтижесінде нашар баға алуы мүмкін. Сондықтан өздері оқитын пәндер бойынша жасаған жұмыстарын портфолиоға жинақтауларына болады.
Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін бағалау құралы ретінде алғаш пайдаланған америкалық педагогтар еді. Портфолионы қазір тек оқушылар ғана емес, барлық шығармашылық иелері қолданады.
Сіз де жыл бойына өз жетістіктеріңізді жинақтап, портфолио жасауыңызға болады. Себебі портфолионы толтыру барысында белгілі бір пәндегі тақырыптарды зерттеу арқылы оқуға қызығушылықты арттырып, белсенділікті дамытып, өз бетінше мақсат қойып, жоспар жасап, ізденуге, өзіңізді бағалауға үйренесіз.
Портфолионы мына жұмыстар бойынша бөлімдерге бөлу керек:
• пікірлер;
• баяндамалар;
• шығармашылық жұмыстар;
• практикалық, сарамандық жұмыстар есебі;
• рефераттар;
• жобалар мен зерттеу жұмыстары;
• өз-өзін тануға арналған әдебиеттер тізімі, дәйексөздер;
• бақылау жұмыстарының нәтижелері.
Аталған жұмыстардың қорытындылары мен алған марапаттауларды да портфолиоға салыңыз.
Егер осы ұсыныс сізге ұнаса, мұғалімдеріңізбен ақылдасып, портфолио жасауыңызға болады.
Портфолионы жинақтау арқылы өзіңіздің жетістіктеріңізге баға бере аласыз. Қай жерде сүрінгеніңізді түсінесіз.
Жалғасы бар...
Сурет: katrinkreiner.com
Оқи отырыңыз:
Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты?
Жақсы оқығым келеді десеңіз #2
Үлгеріміңізді жақсартқыңыз келсе...
Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе
Ф. Абилова