Өшіргіш резеңке пайда болуы дұрыс емес салынған суретті өшіруге, қисық сызықты кетіруге, қателіктерді түзетіп қайта салуға мүмкіндік берді. XVIII ғасырда ағылшын оқымыстысы Джозеф Пристли өз заманының шебер химигі ретінде танылды. Ол сутегі, амииак секілді көптеген газдарды ашуға ат салысты. Дәл осы Пристли әлемдегі ең бірінші өшіргішті ойлап тапты. Оған астроном досы Шарль Мари де ла Кондамин көмектесті.
Шарль Аризонға шеккен сапарында жерден кезіккен кішкене каучук бөліктерін жинап жүреді. Үнді жұрты бұл материалды тұрмыстық қажеттілігіне қолданатын еді. Шарль жинаған бұйымдарын Еуропаға әкеліп, досы Пристлиге көрсетеді. Химик бірнеше тәжірибе, зерттеу жүргізіп, каучук көмегімен грифельмен жазылған қағаздағы жазуды өшіруге болатынын анықтады. Бұл 1770 жыл болатын.
Жазушылар мен ғалымдарға зор қуаныш сыйлаған өшіргіш резеңке өмірге осылай келді. Оның бір ғана кемшілігі – тез ұсақталып қала береді, бұл өшіргіштің ғұмыры ұзаққа бармады. Ғалымдар пайдалы бұйымды жақсартқысы келді, одан кейін көп уақыт өтті. 1832 жылы америка ғалымы Чарльз Гудьир каучукті басқа материалмен – күкіртпен араластыру керек деп шешті. Резеңке тығыздалып, біраз уақыт қолдануға жарады.
Одан 19 жыл өткен соң резеңкені қарындаштың басына орналастыру ғалым ойына оралды. Жаңа идеямен жасалған өнім бүкіл әлемге тарау уақыты жөнінен рекорд орнатты.
Арада жылдар жылжып, өшіргіштің сияны да өшіретін түрі шықты. Оның құрамында қағаз бетін жеңіл-желпі қырып өтетін зат бар. Сондықтан бұл өшіргішті мұқият қолданбаса, нәзік қағазды жыртып жібереді.