Әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде. Бүгінгі жаңалық ертесіне назардан тыс қалып, ұмыт болады. Ақпарат хабарларының нөпір тасқыны адамның ұмытшақ болуына себеп боп тұр. Оқыған дүниені жадыңызда ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, мына кеңестерге құлақ түріңіз. Ойланыңыз! Өміріңізге пайдалы ақпарат оқып, жылы жауып қоя салмаңыз. Ақпараттарды есіңізде сақтау үшін ой елегінен өткізіп, маңызды деген тұстарды қағазға түсіріңіз. Талдау жасаңыз Маңызды ойларды, сөз тіркесі немесе толық сөйлемді мақсатына орай бірнеше бағанаға бөліп жазыңыз. Ондағы ақпарат өмірде бір кәдеңізге жарап қалуы мүмкін. Мысалы: әдеби-тарихи кітаптарды оқысаңыз көнерген сөздер, мақал-мәтел, идея, тарих деп бөлуге болады. Достарыңызбен бөлісіңіз Оқыған дүниеңізді өзге адамға айтқан сайын есіңізде тез жатталады. Талқылау оқыған тақырыпты жан-жақты қорытып, пікір қалыптастыруға көмектеседі. Оқыған дүние жайлы жазыңыз Кітаптағы оқиға өмірде сіздің де басыңыздан өтуі мүмкін. Оқығаныңыз жайлы мазмұндама жазу, тақырыпты байыта түседі. Себебі, онда, ой қосып байыта түсесіз. Қайталап оқып шығыңыз Қайталау білім анасы. Кітапты бір оқығанда барлығын түсініп шығу мүмкін емес. Араға уақыт салып қайта оқу автор идеясын, ондағы оқиғаларды басқа қырынан түсініп, толық сіңіруге мүмкіндік береді. Дайындаған: Әбдіманап Нұржан