- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Оқушылар өзін қалай...
Оқушылар өзін қалай қорғайды?
Қарсы алдымызда тұрған адам сын немесе былапыт сөз айтып жатқан кезде сабырлы мінез таныту қиынға соғады. Осы секілді құбылыстарға әр адам түрліше жауап береді. Ал тәжірибесі жоқ оқушылар қалай дұрыс әрекет етуді де білмейді. Бірі – үнсіз қалса, екіншісі - жұдырық ала жүгіреді. Мұндай ситуацияда төбелескен дұрыс па? Қалай ойлайсыз? Кезекті материалымызда осы мәселені талқылап көрейік.
Көше төбелесін өміріңізде бір рет болсын бақылап көрген шығарсыз. Жеріміз кең-байтақ болса да, көріскен жерде бір-бірін қағып өтетін оқушылар болады. Мұнымен қатар, кіші сыныптардан ақша жинайтын балалар да жоқ емес.
Балалардыкі ұқсас болғанымен, ата-аналардың ситуацияға жауап беруі түрліше жүзеге асады. Осының салдарынан бала ата-анасының көзқарасына тәуелді болады. Мысалы, Томирис ханым қызына дөрекі жауап қайыруды үйретеді: «Сені ұрды ма, сен де өз кезегіңде қарсы жауап қайтар. Біреу ұрып жатқанда қарап тұрма. Сені түртіп өтетін кім ол? Қазір қоянның заманы емес, айлалы түлкі мен аш қасқырдың заманы», - дейді.
Оқушы не істеуі керек? Жұдырықтасып, қарсыласын жеңгені дұрыс па? Әлде үлкен жанжалдың алдын алып, ренжіспегені жөн бе? Кейбір ата-ана оқушы қиындығын өзі шешуі керек, үлкен өмірге дайындала берсін деп ойлайды.
Қарапайым мысал келтірейік. Дене шынықтыру сабағында Бейбарыс ешкімге соқтықпай, доппен ойнап жүрді. Тілінің мүкістігі бар болғандықтан, ұстазы оны сыртынан қарайлып қояды. Сөзді толық айта алмайды. Дауысы да ақырын шығады. Бір кезде қолындағы допты байқамай сыныптасы Томиристің басына тигізіп алды. «Абайла» деп айтып үлгермеді. Қызуқанды Томирис оның бұл әрекетінің себебін сұрамастан ұрып жібереді. Бейбарыс та өз кезегінде оны итереді. Ұстазы бұл әрекеттерін доғаруын өтінсе де, олар төбелесе береді.
Бейбарыстың анасы: «Мен еш нәрсе түсінбедім. Бейбарыс өте сабырлы, өзгеге соқтықпайтын бала. Оның бұлай жасауы мүмкін емес», - дейді. Ал Томиристің анасы: «Жер бетінде ақымақ, дөрекі адамдар өте көп. Ал сендей жан біреу ғана. Тәрбиесіз адамдарға өзіңді ренжіткізбе», - дейді. Қызы анасының осы айтқан сөздерімен келісіп, келесі жолы достарды мұқият таңдайтындығын айтады.
Психолог маман: "Бала бастауыш сыныпта өзін қорғаудың не екенін білмейді. Бар болғаны ұруым керек деп ойлайды. Және бұл әрекеттерін дұрыс деп бағалайды. Үлкен өмірге қадам басқан кезде, тіпті қарапайым жоғарғы сыныпқа өткен кезде баланың әпкелері мен ағалары төбелесудің дұрыс емес екендігін айтып отырулары керек. Және кикілжіңді алдын алудың тәсілдерін үйреткендері жөн. Алғашында қиналса да, бірнеше реттен кейін үйренеді".
Сурет: 36mektep.ucoz.kz
Оқи отырыңыз:
Ең ақылды оқушылар қай мемлекетте өмір сүреді
Бірікке Араб Әмірлігінің білім жүйесі қандай?
Оқушылар бос уақытын қалай өткізеді?
Қ. Бүйенбай