Министр география, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
"Әрине, бұл іс-шаралар тек жағдайы бар жерлерде өткізіледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құралдар - проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз ету керек. Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс", - деді Сағадиев Үкімет отырысы барысында.
Министрдің айтуынша, мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп кей мәселелер талқыланатын болады. Сол кезде жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары үшін музейлерде сабақ өткізу мәселесі жан-жақты пысықталады.