Күн сайын ғылыми зерттеулер жалғасын тауып келеді. Жергілікті халық білімінің сапасы артуда. Айналамызда техника таңғажайыптары толып тұрғанда біз ақылды болуымыз керек емес пе? Өкінішке орай, адамдардың 53%-ы ғана Жердің Күнді бір жылда айналатындығын, 59%-ы алғашқы адамдар мен динозаврлардың әртүрлі кезеңде өмір сүргенін біледі. Жердің 70%-ын су басып тұрғандығын адамдардың тек 47%-ы ғана нақты айта алады. Осыған орай оқушылар білуі тиіс 10 сауал тізімін жалғастырамыз.
Табиғи сұрыпталу қалай жүзеге асады?
Жердің жасы секілді эволюция теориясын 1800 жылдың ортасында Чальз Дарвин ойлап тапқан. Бұл тақырыпқа қатысты адамдар толық мәлімет білмесе де, оны талқылауды ұнатады. Қазіргі таңда бұл теорияны мектеп бағдарламасында оқытпауды жөн көреді.
Теорияның қарсыластары ұстанатын бір идея бар. Ол – табиғи сұрыпталу. Мутация негізінен алдыңғысынан кейінгісін өзгешелендіретін микроорганизмдердің генетикалық бағдарламасының үнемі өзгеріп отыруының салдарынан болады. Ал бұл құбылыс өз кезегінде кездейсоқ жүзеге асады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұзақ уақыт бойы өзгеріске түсуі кездейсоқ құбылыс емес. Ағзадағы өзгеріс тек қоршаған ортаға икемделуге, көбеюге мүмкіндік берген кезде ғана жүзеге асып отырады.
Мысалы, кей жасыл қоңыз мутацияның нәтижесінде қоңыр түске боялады. Құстар жасыл түстісіне қарағанда, қоңыр түстісін аз байқайды. Осылайша қоңыр түсті қоңыздар басқаларға жем болмайды. Саны да арта түседі. Ал жасыл түстілері бірте-бірте азайып, мүлдем жойылады. Бұл қарапайым ғана мысал. Яғни адамдар тірі қалып, маймылдар толығымен жойылып кетуі тиіс болатын.
Күн бір күні өше ме?
Күн де өмірінің «қиын кезеңін» бастан өткерген кезде, сөніп қалады деп ойлайтын шығарсыз. Шындығында жағдай басқаша. Біздің мәңгілік деп ойлайтын сезімдерімізге қарағанда, күн сәулесі мен құстар үні әлдеқайда ұзақ өмір сүреді. Әрине, 5,5 млрд жыл бұрын туылмаған болсаңыз. Күн – өзге жұлдыздар секілді алып термоядролық реактор. Өзіндегі барлық сутекті күйдіріп, артынша айналадағы сутекті сіңіре бастайды.
Күннің ядросы кішірейіп, сыртқы қабаттары ұлғаяды. Нағыз қызыл алыптың өзіне айналады. Жылу жарылысының арқасында Күн жүйесін күйдіріп, айналасындағы планеталарды жойып жібереді. Оның қатарында өзіміздің де ғаламшарымыз бар.
Адамдар Күн жүйесін толығымен зерттемейтін болса, нақты нәтиженің қандай болатынын ешуақытта біле алмайды. Ал жоғарыдағы ғалымдардың болжамы ғана. Өзінің жарты өмірін сүріп үлгерген Күн үнемі қызып, арада млрд жыл өткен соң 10%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде күн радияциясының барлық суды сіңіруге қауқары жететін болады.