«Жастар жетістіктері» Қоғамдық қоры мен «Шеврон» компаниясы «Балалардың экологиялық бизнес-жобалары» IX Республикалық байқауының жеңімпаздарын атады және экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқушылардың үздік жұмыстарының жәрмеңкелік көрмесін ұйымдастырды. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.
Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың зейінін экология мәселелеріне және табиғат қорларын үнемді пайдалануға аудару, олардың белсенді азаматтық көзқарасы мен бастамашылығын және өзекті экологиялық мәселелерді шешу жолындағы тәжірибелік дағдыларын тәрбиелеу.
«Әлеуметтік тұрғыда жауапкершілігі жоғары трансұлттық компания бола тұра, «Шеврон» өзінің қызметтік жолында табиғатты қорғауға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Біз жастарға экологиялық білім беру мен олардың бойындағы өмірлік маңызды дағдыларын дамытуға көп назар аударамыз. Қазақстанда 20 жылдан астам қызмет ету барысында біз экология саласындағы көптеген жобалар мен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсеттік», - дейді Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Еркін Зікібаев.
Биылғы жылы 14 жеңімпаз, олардың ішінде жеке қатысушылар мен мектеп ұжымдары, балалар үйлерінің тәрбиленушілері, еліміздің түрлі аймағындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы сомасы шашамен екі миллион теңгеге теңелетін гранттық қаржыландыруға ие болды. Сонымен қатар, 10 жоба ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталады.
Жақсы көктемдік дәстүрге айналған республикалық байқау Қазақстанда 9-рет өткізілмек. 2015 жылы байқауға шамамен 130 балалар жобасы қатысты. Статистиканың көрсетуі бойынша, қолдау көрсетілген байқау шеңберінде бастапқыда қаржыландырылған жобалардың 35%-ы өз жұмысын қаржыландыру аяқталғаннан кейін де жалғастыруда.
Балалардың экологиялық бизнес-жобаларымен қатар ҚР БҒМ қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша оқу-әдістемелік құралдарының Екінші Республикалық сырттай байқауы өткізілді, себебі шығармашылық бастаманы дана және білікті ұстаздардың қолдауысыз дамыту мүмкін емес. Жинақталған үздік қазақстандық педагогикалық тәжірибе жалпыланып, альманах ретінде баспадан шығарылады, содан кейін еліміздің барлық аймақтарына тарату және енгізу мақсатында жеткізіледі.
Байқаудың салтанатты іс-шаралары БҰҰ бастамасы бойынша 22 мамырда атап өтілетін Жердің флора мен фаунасының биотүрлерін сақтаудың Халықаралық күнімен ұштастырылған.