Хан Академиясы (Khan Academy) әлемнің кез келген түкпіріндегі адам білім алуға құқылы деген заңдылықты ұстанатын оқыту ұйымы. Бүгінде академияның 10 миллионнан астам оқушысы бар және оларға онлайн бағдарламалар, ежелгі әлем тарихынан бастап макроэкономикаға дейінгі салаларды қамтитын арнайы сабақтар ұсынылған. Академия тегін және оқушының үйрену қарқынымен санасады. Олар ақпаратты қаншалықты жылдам қабылдайды? Оларға бір тақырыпты меңгеру үшін қанша уақыт керек, мұның бәрі назарға алынған. Ақпараттардың жаңа бағаны оқушы өткен тақырыпты толықтай меңгерген сәтте ғана ашылады. Оған дейін жаңа кезеңге өту мүмкін емес. Академия кез келген қолданушының оқуы туралы ақпаратты сақтайды, сондықтан керек уақытыңызда өзіңіздің оқу үлгеріміңіз туралы мәліметті еш қиындықсыз аласыз.Бір студенттің оқы қарқыны әр түрлі: тіпті, белгілі бір пәннің өзін тақырыптарға жіктегенде оның әлсіз тұсы байқалады. 2011 жылы TED конференциясындағы өзінің дәрісінде Хан: Жалпы білім беретін мектептерге мониторинг (шолу) жасау арқылы оқушының үлгерімін айтуға болады: біреулері талантты, енді бірі аутсайдерлер.Мүмкін, оларды бағалау жүйесін өзертіп, оларды арнайы санат бойынша оқыту керек шығар... Олардың өздеріне тән қарқынмен оқуға мүмкіндік берсеңіз, алты апта бұрын өзгелердің соңында жүрген оқушының қаншалықты қабілетті екенін байқайсыз. Енді бір ғана сұрақ: осы уақытқа дейін біздің алып келген бағаларымыз біздің қабылдау деңгейімізен қаншалықты сай келеді? деген болатын. Бала квадратты теңдеуді екі аптада емес, төрт аптада үйренгені үшін уайымдауға тиістіміз бе? Бастысы ол меңгерді. Оқу кезінде ескеретін жайттар бар: баланың оқуға жұмсаған уақыты емес, оның нәтижесі анағұрлым маңызды. Егер кез келген адам өзінің қарқынына сай меңгеретін болса, ол міндетті түрде сол сала бойынша білімді болып шығады. Өзіңіз ойлап көріңізші, мүмкін математика мен физика уақыттың тығыздығына байланысты сіз үшін түсініксіз болған шығар?