Оқушыға кеңестер

Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаңыз, алдағы ғұмырыңызға да септігі тиері сөзсіз.

1. Теледидардың алдында көп отырмаңыз. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.

2. Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.

3. Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог ашып

қой.

4. Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта!Дене шынықтыру және өзіңді жақсы

көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!

5. Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!

6. Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!

7. Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.

8. Ата- ана аналарыңның жанында көп уақыт болуға әрекет жасаңдар. Аяқ астынан олар сенен

алысқа кетуі мүмкін,бұл Алланың ісі. Қапы қалма!

9. Жақсы сөзбен жылан інінен шығады, жаман сөзбен адам діннен шығады. Жылы жүзді болайық!

10. Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!

11. Шағым жасау әдетінен бастарт!Сенің проблемаң басқаларды қызықтырмайды!

12. Ешқашан өсек айтпа!Жаман сөз жылдам тарайды!

13. Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала!Проблемашешудің бір жолы:Миға демалыс бер!

14. Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын,ар-намысына тиетін әрекет жасама!Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді!

15. Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз,күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет,жарым ырыс!

16. Шындықты сөйлеген жамандықты еске алмайды!

17. Мен досыма қарыз едім "деген сөзді сөз қорынан өшіріп тастаңыз!Болмаса бұл өмірге қарыз болып өтесіз.Бала тек ата-анасының алдында ақ сүтіне,сыйлаған өміріне қарыз.

18. Өз келешегіңді өзің жаз!Өзге емес өзің туралы өзің айт!

19. Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала!

20. Көп ізден!Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма!Оқу мен іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт-алтынға теңеледі.
Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!!!

Дереккөз: bilimdiler.kz