- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Оқушы сөйлемді неге...
Оқушы сөйлемді неге дұрыс құрамайды?
Ұстаздар көп уақыт бойы оқушылардың сөйлемді дұрыс құрай алмауы мен ойын дұрыс жеткізбеуінің себебін анықтамақ болған еді. Алайда нақты себебін болжай алмады. Ғалымдар мұның барлығына теледидар мен компьютерлерді айыптап отыр.
Бала тілі шыға бастаған кезде ата-анасының сөйлеу мәнеріне назар аударады. Осы кезде ата-аналар оларға кітап оқып беріп, түрлі ойындарды бірге ойнауы тиіс. Алайда көп ата-ананың қолы тимейтіндіктен, балаларына теледидардағы мультфильмді қосып беруге мәжбүр болады. Осының салдарынан бала виртуалды өмірге дағдыланады. Шынайы әрі жалған өмірдің ара-жігін ажырата алмай қалады. Айналасындағы достарымен қарым-қатынасқа түсуі қиындайды. Артынша ата-анасы жіберген қателікті ұстаз түзетуге тиіс болады. Әрине бұл жерде ата-ананы айыптай алмаймыз. Себебі, олар да өз кезегінде бала-шағасын киіндіру үшін маңдай терін төгіп, әрекет жасады.
Ата-анасы балаға дұрыс тәрбие берсе, ұстаз бар уақытын тек жаңа материалды оқушыларға игертуге жұмсайтын еді.
Ұстаздар ата-аналарға өз балаларымен көбірек әңгімелесуге кеңес береді. Осының арқасында бала мектеп бағдарламасын жылдам игеріп, оның өзіне деген сенімділігі артатындығын айтады.
Сурет: www.ontustik.gov.kz
Қ. Бүйенбай